298
Енді үлгінің үшінші экзогенді факторы – техникалық прогресс
(g) іске қосылады.
g
факторының арқасында өндірістік функция
y=f(k) қисығы толығымен жоғарыға жылжиды. Осыған сəйкес,
жинақтың да қисығы жоғарыға жылжиды (12.4-сурет). Ал инве-
стициялар сызығының көлбеулігі енді негізгі үш фактордың ша-
масымен анықталады: халық санының өсу қарқыны, капиталдың
тозуы жəне техникалық прогресстің қарқыны (n + δ + g), яғни
инвестиция сызығы үшін формула (n + δ + g)k ретінде жазылады.
Нəтижесінде, y
2
* тұрақтылық жағдайында өндірістің жан басына
шаққандағы ең жоғары деңгейіне қол жеткізіледі. Енді тұрақты
тепе-теңдіктік экономикалық өсу технологиялық прогресс факто-
рын есепке ала отырып, төмендегідей формуламен анықталады:
Достарыңызбен бөлісу: