Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет225/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

300
Қорытынды
1. Экономикалық өсу ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар 
сапа жағынан жетілдірілуін көрсетеді. Экономикалық өсу деп өндіргіш 
күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты 
көлемінің табиғи дəрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.
2. Экономикалық өсуді өлшеудің тəсілдерін екіге бөлуге бола-
ды: 1) Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл əдіс экономика 
мүмкіншілігінің молаю шапшаңдығын бағалау үшін қолданылады. 
2) Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халық-
тың əл-ауқатының дамуын талдағанда немесе елдер мен аймақтардағы 
тұрмыс дəрежесін салыстырғанда қолданылады.
3. Экономикалық өсудің екі түрін ажыратып көрсетеді: 1) нақты 
экономикалық өсу – бұл статистикалық органдардың кезеңділікпен 
жариялап отыратын ЖІӨ-нің немесе басқадай макроэкономикалық 
көрсеткіштердің жыл сайынғы шынайы түрде өсуі. 2) потенциалды 
экономикалық өсу – экономиканың белгілі бір жылдамдықпен неме-
се қарқынмен өсе алу мүмкіндігі мен дəрежесі. Бұл өсуді қамтамасыз 
ете алатын факторларға мыналар жатады: а) еңбек, капитал жəне 
жер сияқты ресурстарды арттыру; ə) технологиялық прогрестің кө-
мегімен, өндірістің ұйымдастырылуын жақсарту немесе жұмыс 
күшінің біліктілігін арттыру есебінен осы ресурстарды пайдаланудың 
тиімділігін арттыру.
4. Экономикалық өсудің теориялық тұрғыдан негізгі үш типі бар: 
1) интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы 
ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсив-
ті типін қолдануға тырысады. 2) экстенсивті типі – қосымша өндіріс 
факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі. 3) аралас типі - 
факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі 
арқылы ұлттық өнімнің өсуі.
5. Экономикалық өсудің неокейнстік, неоклассикалық жəне тарихи-
əлеуметтік үлгілері бар. 
6. Экономиклық өсудің факторларын сұраныс факторлары, ұсыныс 
факторлары жəне бөлу факторлары деп бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет