98
аламыз, ал тепе-теңдік
табыс көлемі Y
1
-ге тең болады. Y
0
Y
1
кесіндісінің аралығы
0I
a
кесіндісінің аралығынан артық. Бұл
инвестицияның өсуімен салыстырғанда табыстың артығырақ
ұлғайғанын білдіреді. Мəселен, экономикаға салынған 10 млрд.
долларды құрайтын автономды инвестициялар ұлттық табысты
10 млрд.-қа емес, 50 млрд. долларға арттырды делік. Бұл жерде
m=5, яғни ΔY = Δ I
a
• m: 50=10•5. Мультипликатор 5-ке тең,
себебі
алдыңғы мысалда келтіргендей, MPS 0,2-ге тең, яғни m = 1 / MPS
= 1 / 0,2 = 5. MPS-тің шамасы неғұрлым жоғарылаған сайын, S
сызығы тіктеу жəне мультипликатордың мəні соғұрлым кіші бо-
лады.
Мультипликатор əсерінің графикалық көрінісін Кейнс кресі
үлгісі арқылы да сипаттауға болады:
жиынтық жоспарланған
шығындар сызығының автономды шығындардың əрбір өзгеруінен
жоғары жылжи беруі ұлттық табыстың бірнеше реттік өсуімен
жүріп отырады.
Мультипликатор теориясы инвестициялар мен жинақтардың
тепе-теңдігін орнатудың мəселелерін терең түсінуге мүмкіндік
береді. Бұл жерде мультипликатордың жиынтық шығындардың
кез келген компонентінің артуына
немесе қысқаруына байланыс-
ты ұлттық табыстың ұлғаймалы түрде кеңеюі жəне сол секілді
тарылуы режимінде жұмыс істейтіндігін атап өткен өте маңызды.
Алайда жоспарланған инвестициялар мен жинақтардың ара-
сындағы тепе-теңдіктің жоғалуы, экономиканы мынадай екі теріс
əсерге əкеліп соқтырады:
1)
рецессиялық (дефляциялық) үзіліс
жəне 2)
инфляциялық
үзіліс
.
Достарыңызбен бөлісу: