Отчет по педагогической практике студентки группы рялш-42 образовательной программы



Pdf көрінісі
бет15/18
Дата04.06.2023
өлшемі1,08 Mb.
#178227
түріОтчет
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Зарипова Ж.Г.рялш-42 отчет

1-жүргізуші: ән «Аяулы ана»
7 оқушы: Теңдесі жоқ данасың 
Арқа тұтар панасың 
Еңбегіңді ақтайтын 
Аман болшы, анашым 
8 оқушы: О, анашым, таянышым, тірегім 
Бар бақытым бір өзіңнен тіледім 
Мені жақсы болса екен деп қашанда 
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің 
9 оқушы: Ерлік, еңбек атқарған 
Еңбегімен мақталған 
Ел сенімін ақтаған 
Айналайын ақ анам! 


10 оқушы: Аяулы да алтын нұрлы анашым 
Жүрегіммен мәңгі бірге боласың 
Сен асқарсың, сен аспансың, биіксің 
Сен дархансың, сен жомартсың, данасың 
1-жүргізуші:
Сенен өскен балалар 
Сенен өскен даналар 
Құттықтаймыз мейраммен 
Құрметті аналар! 
Ойын «Қыздарды қалай сыйлаймыз?»
ұлдарға сұрақ: 
1.
Сенімен бірге оқитын қызды басқа сыныптың ұлдары ренжітіп алды. Ол жылап жатыр. 
Сен не істейсің? 
2.
Сыныптас қыздар сені туған күніңмен құттықтап үйіңе келді. Оларды қалай қарсы 
аласың? 
3.
Жолда келе жатқан сыныптас қыздың біреуі құлап, аяғын жарақаттап алды. Сен не 
істейсің? 
4.
Сыныптас достарың бір қызбен бірге отыруға таласып жатыр. Төбелеске де жақын қалды. 
Сен не істейсің? 
5.
Сыныптас қыз сенің затыңды рұқсатсыз алды. Сен не істейсің? 
6.
Саған анаң қызықты кітап сатып алып берді. Сыныптас қыздар оқуға сұраса бересің бе? 
7.
8-наурыз мерекесі жақындады. Сен сыныптас қыздарға қандай сыйлық бергің келеді? 
Осы сәтті пайдаланып ұлдар қыздарға дайындаған сыйлықтарын береді. 
2-жүргізуші:
Ұлдар қыздарды биге шақырады. Вальс 
Ата – аналармен ойын.
Шарлардың ішіне оқушылар қолымен жазылған тілектер салынады. Әр ата – ана 
қолдарына түскен нөмір арқылы өз тілектеріне ие болады. 
Қорытынды:
Туғаннан құлыным деп аймалаған
Өзіңдей қамқор адам қайда маған. 
Дүние аналармен көрікті ғой 
Анасыз бұлбұл құста сайрамаған. 
Анашым мен өзіңді мақтан етем, 
Жол жүрсем сағынамын, ойға кетем. 
Санамды сарғайтады-ау жалғыз арман 
Қайткенде ақ сүтіңді ақтар екем 
Туғанда «күнім-ай» деп аймалаған, 
Адам ба ана сүтін ақтамаған 
Адам боп жүрмісіңдер жер бетінде 


Ананың махаббатын сыйламаған. 
Анашым ақ түсіпті шаштарыңа, 
Әжімің көбейіпті қатпарлана 
Мен өзім сол қатпардан тәй-тәй басып 
Өмірдің көтерілдім аспанына. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет