«логистика жəне көлік академиясы» «Əгп жəне дт» кафедрасы


Халықаралық қатынастар жүйелерінің типологиясы мен олардың қызмет



Pdf көрінісі
бет49/82
Дата05.06.2023
өлшемі3,62 Mb.
#178253
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   82
Байланысты:
umkd

2.Халықаралық қатынастар жүйелерінің типологиясы мен олардың қызмет 
етуінің құрылымдық заңдылықтары
Халықаралық қатынастардың барлық əрекет 
етуші акторлары жаһандық халықаралық жүйенің элементтері болып шығады. 
Аймақтық халықаралық жүйені мемлекеттің белгілі бір географиялық аймағында 
орналасқан ұйымдар, сондай-ақ қызмет өрісі ең алдымен сол аймақпен шектелетін 
халықаралық ұйымдар құрайды. Аймақтық халықаралық жүйенің қалыптасуының 
объективті алғышарты мемлекеттердің жалпы географиялық тиесілілігі болып 
табылады. Бұл олардың арасында ерекше байланыстар мен өзара əрекеттердің орнауына 
алып келеді. Бұған мысалы, еуропалық, панамерикандық, африкандық, азиялық 
(оңтүстік-азиялық, оңтүстік-шығыс азиялық), таяу шығыстық халықаралық жүйелер 
жатады. Субаймақтық халықаралық жүйені аймақтық жүйенің құрамдас бөлігі болып 
табылатын мемлекеттер тобы құрады (мысалы, Кариб бассейні елдері, батысеуропалық 
субаймақ немесе Бенилюкс елдері, яғни Бельгия, Нидерланды жəне Люксембург). 
Демек, аймақтық халықаралық жүйелер жаһандық жүйенің жүйеше-бөлігі ретінде, ал 
субаймақтық халықаралық жүйелер – аймақтық жүйенің элементтері ретінде 
қарастырыла алады.
 
Халықаралық жүйенің құрылымдары кейбір елдерге мінез-құлық бағытын 
міндеттейді. Мысалы, экономика саласында олардың жеке мүдделеріне қарама-қайшы 
болуы мүмкін. Сонымен халықаралық жүйелерді биполярлық, көп полярлық жəне 
бірполярлық немесе империялық деп бөлу көрсетілген. 
Биполярлық жүйеде, неғұрлым қуатты екі мемлекет үстемдік етеді. Егер олармен 
салыстыруға болатын күш-қуатқа басқа мемлекеттер қол жеткізсе, онда халықаралық 
жүйе көпполярлыққа ауысады. Тепе-теңдік көпполярлық жүйеде немесе күштер тепе-
теңдігі жүйесінде бірнеше ірі мемлекеттер бір-біріне деген шамадан тыс талап-тілектерге 
тыйым сала отырып, оқиғаның барысына шамамен бірдей ықпал етуін сақтайды. 
Сонымен империялық типтегі халықаралық жүйеде өзінің тұтас күш-қуаты қалған 
барлық мемлекеттерді əлдеқайда басып озған бірден-бір күшті держава үстемдік етеді 
(мемлекеттің күш-қуатының көрсеткіштері қарулану деңгейі, экономикалық əлеуеті, 
табиғи ресурс қорлары, жер аумағының көлемі, халқының саны жəне т.б. табылатынын 
еске саламыз). 
Халықаралық жүйелердің сыртқы жағдайы жөніндегі мəселені аналитиктер бір 
жағынан аймақтық жəне субаймақтық жүйелерге сəйкес, екінші жағынан – жаһандық 
жүйелерге сəйкес əртүрлі шеше алады. Субаймақтық жəне аймақтық халықаралық 
жүйелердің кеңістігі олардың сыртқы геосаяси ортасы болып шығады. Мəселен, 
Еуропалық одақтың кеңістігі, мысалы, басқа мемлекеттердің жиынтығы, сондай-ақ 
əртүрлі халықаралық ұйымдар мен аймақтық-географиялық (еуропалық) жəне жаһандық 
деңгейдегі басқа да акторлардың жиынтығы болып табыла алады. Осы кеңістіктің 
элементтерінің əрқайсысы халықаралық жүйе ретінде Еуропалық Одақтың жұмыс 
істеуіне қандай да бір ықпалын тигізеді.
Жаһандық немесе жалпы планетарлық, халықаралық жүйелердің кеңістігі 
жөніндегі мəселе күрделірек шешілуде. Жаһандық халықаралық жүйенің сыртқы 
жағдайы тек табиғи ортадан ғана табылуы мүмкін: геоландшафт, атмосфера, 
стратосфера, күн жүйесі. Саяси терминологияда тек ашық ғана емес, сол сияқты жабық 
жүйелерде бар. Жаһандық жүйе жабық жүйелерге жатады. Жаһандық жүйе өте күрделі 
болып келеді. Географиялық ортаның ықпалын, халықаралық саясатқа, сондай-ақ 
халықаралық жүйенің құрылымы мен жұмыс істеуіне басқа да табиғи факторлардың 
ықпалын зерттейтін 
геосаясат
қалыптасты. Халықаралық жүйелер бірқатар əлеуметтік 
функцияларды да атқарады. Бұл халықаралық қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз 
ету функциясы. Мысалға БҰҰ жатқызуға болады. Оның басқа да экономикалық, мəдени 
жəне гуманитарлық ынтымақтастықты іске асыру т.б.қызметтері бар. 


31 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет