3.Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан. Қазақстан сыртқы саясатының басымдық бағыттары – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық жəне жаһандық қауіпсіздікті күшейту. Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясы келесі стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге
бағытталған:
1) елдің тəуелсіздігін, мемлекеттік егемендігін жəне аумақтық тұтастығын нығайту,
сыртқы саяси бағыттың дербестігін сақтау;
2) Орталық Азия өңірінде Қазақстанның көшбасшылық орнын нығайту жəне ұзақ
мерзімді мүдделерін ілгерілету;
3) Қазақстанды халықаралық жəне өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде
елеулі үлес қосатын халықаралық қоғамдастықтың белсенді жəне жауапты мүшесі ретінде
көрсету;
4) шет мемлекеттермен екіжақты жəне көпжақты форматта достық, болжамды жəне өзара
тиімді қарым-қатынастарды сақтау, мемлекетаралық бірлестіктер жəне халықаралық
ұйымдармен кешенді өзара іс-қимылды дамыту;
5) ұлттық экономиканың бəсекелестікке қабілеттілігін, қазақстандықтар тұрмысының
деңгейі мен сапасын көтеру мақсатында сыртқы саясаттың əлеуетін толыққанды
пайдалану;
6) сыртқы саяси əдістер арқылы көпұлтты Қазақстан халқының бірлігін сақтау жəне
нығайтуға жəрдемдесу;
7) Қазақстан азаматтарының жəне ұлттық бизнестің іс жүзіндегі мүдделерін мемлекеттің
сыртқы саясатының негізгі бағытына айналдыру;
Мақсаттарға қол жеткізу мынадай міндеттерді қоюды жəне іске асыруды айқындайды:
1) Қазақстанның төңірегінде саяси тұрақты, экономикалық орнықты жəне қауіпсіз кеңістік
құру бойынша күш-жігерді нығайту;
2) халықаралық бейбітшілік пен ынтымақтастықты нығайту, жаһандық жəне өңірлік
қауіпсіздік пен өзара іс-қимыл жүйесінің тиімділігін арттыру бағытын жалғастыру;
3) мемлекеттің ұзақ мерзімді стратегиялық мүдделерін ілгерілету мен қорғауды ескере
отырып, екіжақты жəне көпжақты деңгейде сыртқы саясаттың басты мəселелеріне
қатысты жаңа тəсілдер тұжырымдап, іске асыру;
4) сыртқы саясатты «экономикаландырудың» жаңа деңгейін қамтамасыз ету, əлемдік
шаруашылық байланыстар жүйесінде Қазақстанның ұстанымдарын одан əрі күшейту;
5) «гуманитарлық дипломатияны» жандандыру, халықаралық қоғамдастықта елдің
жағымды бейнесін танымал ету;
6) сыртқы саяси мəселелер бойынша қазақстандық қоғамдастықпен тиімді байланыстар
жүйесін орнату;
7) шетелде Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке жəне отбасылық құқықтарын,
жеке жəне заңды тұлғаларының заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша
жұмысты жетілдіру.
Қазіргі еуразиялық идея өркениет дамуының түйінді желілерінде мемлекеттердің
жан-жақты ынтымақтастығы үшін аса кең геосаяси кеңістікті құруды көздейді. Еуропа
мен Азияны жалғастыратын тарих жəне дəстүрлі көпір ретінде Қазақстан еуропа
елдерімен де, Азия елдерімен де өзінің экономикалық байланыстарын кеңейтуге кең
мүмкіндіктерін алады. Қазақстан Еуропа елдерінің барлығымен дерлік дипломатиялық
қатынастарды жолға қоя отырып