3.Саяси əлеуметтену ұғымы жəне оның кезеңдері, саяси қатысу ұғымы. «Саяси əлеуметтену» ұғымы əлеуметтену ұғымына қатысты қалыптасты. Бұл ұғымды ғылыми
танымға алғаш рет өткен ғасырдың соңында америкалық социолог Ф. Гидденс пен
француздың əлеуметтік психологтары енгізді. ХХ ғасырдың 50-жылдарының соңынан
бастап «саяси əлеуметтену» ұғымы тұлғаның саясатқа араласуына қатысты қолданыла
бастады. Егер əлеуметтенудің негізгі мəні адамның белгілі бір талаптар мен
құндылықтарды, білімдер жүйесін игеру арқылы қоғамның толық құқықты мүшесі ретінде
қалыптасуында болса, онда саяси əлеуметтенуді тұлғаның саяси қатынастарға, қоғамдық-
саяси өмірге ену процесі – деп айтуға болады. Кең мағынасында алып қарағанда, саяси
əлеуметтену – бұл адамның өмір сүру циклінің барлық кезеңдеріндегі ресми жəне ресми
емес, мақсатты түрде бағытталған немесе алдын ала жоспарланбаған, саяси немесе
адамның саяси мінез-құлқына, саяси бағдарына əсерін тигізетін саяси емес оқудың, жалпы
алып қарағанда, саяси білім берудің бүкіл жүйесін қамтиды. Саяси əлеуметтену адам
өмірінде маңызды орын алады. Оның басты кезеңдері:
Саясилану;
Персонификация;
Идеологизация;
Институционализация.
Саяси əлеуметтену агенттеріне жататындар:
отбасы;
дос, жолдастар;
мектеп;
БАҚ;
саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар.
Саяси əлеуметтенудің екі түрі бар: тікелей əлеуметтену жəне қосалқы əлеуметтену.
Тікелей əлеуметтену дегеніміз, мемлекеттің өзі мүдделі болып келеді. Ол өз
азаматтарын өзі тəрбиелеп, олардың саяси əлеуметтенуін өзі қадағалайды.
Ал қосалқы саяси əлеуметтенуде, бұған мемлекет араласпайды, тұлға өз қабылеті
мен тілегі бойынша сол қоғамына бейімделіп, сол мемлекеттің құндылықтарын меңгереді.
Американдық əлеуметтанушылар Г.Хаймон, Ф.Гринстайн, Д.Истон, Р.Хесстің кең көлемді
эмпирикалық материалдарды талдау негізінде жасаған шешімдері бойынша, саяси
əлеуметтену мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. ХХ ғасырдың 60-жылдары
жүргізілген зерттеулер бойынша жəне оның шешімдеріне негізделген кейініректегі
еңбектерінде Д. Истон жəне Р. Хесс «ересек кезеңге аяқ басқалы тұрған саяси жүйе
мүшесінің нағыз қалыптасатын уақыты үш жəне он үш жастың аралығы болуы тиіс», –
деп атап көрсетеді. Американдық мамандардың пікірлерінше, дəл осы кезеңде «қоғам мен
режимге қатысты негізгі саяси бағыттар қалыптасып бекітіледі».