25
тəртіпті
қамтамасыз
ету,
əлеуметтік-таптық,
ұлттық
қатынастарды
реттеу.
Əлеуметтендіру қызметі
– адамдарды белгілі бір саяси жүйеге бейімдеп,
билік
органдарының сол кезеңдегі жүйеге қатысты қызметінде өзінің мүддесін қорғай білуді
қалыптастырады. Ол мемлекет, отбасы, БАҚ, діни мекемелер, мектептер жəне т.б. арқылы
жүзеге асып отырады.
Тəрбиелік қызметі
– əркімді
қоғамдық-саяси қызметке,
саяси
белсенділікке ынталандыру, табандылыққа, төзімділікке, жауапкершілікке баулу.
Біріктірушілік
–
белгілі бір көзқарастарды жəне саяси қарама-қарсылықты реттеуді
бағдарға
ала отырып, түрлі саяси топтар арасында келісімге қол жеткізу мүмкіншілігін
қамтамасыз етіп, жүйенің тұрақтылығына қолдау көрсетіп отырады.
Қорғау
– қоғамның
қарыштап алға дамуына сəйкес
келетін саяси құндылықтарды, қазыналарды сақтау.
Сабақтастық
– саяси тəжірибені бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғастырып, саяси
процестің тоқтаусыз ұласып дамуын қамтамасыз ететін тарихи сабақтастық. Саяси
мəдениеттің бұл қызметтері қоғамда ерекше маңызды саналады. Бұлар саяси мəдениеттің
дұрыс қалыптасып, дамуына бағдар береді десекте болады.
2.Саяси мəдениеттің типологиясы жəне саяси мінез-құлық.
Қоғамдық жағдайға жəне
ондағы қалыптасқан саяси үлгiлер мен ережелерге байланысты əр елдiң саяси мəдениетi
өзгешеленедi, ерекшеленедi. Ал, оларды анықтау үшiн
ең алдымен, кең мағынадағы
эмпирикалық зерттеулер жүргiзу керек, содан соң ғана
салыстырмалы-саяси талдау
арқылы ерекшелiктерiн сипаттауға болады. Соңғы кезеңдерде саяси мəдениеттi
Достарыңызбен бөлісу: