мажоритарлық жəне
пропорционалды сайлау жүйелері кең тараған.
Мажоритарлық жүйе (фр. majorite — басым көпшілік деген
сөзінен шыққан) — сайлаушылардың басым көпшілігі дауысын берген кандидат
сайланған болып саналатын сайлау жүйесі. Ол көптеген (АҚШ, Франция, Ұлыбритания,
т.б.)
елдердің президент, парламент депутаттарын
сайлауда
қолданылады.
Можаритарлық жүйенің 2 түрі бар: абсолютті жəне салыстырмалы. Абсолютті жүйеде
басым көпшілік дауысты иеленген (50% жəне 1 дауыс иеленген) алған талапкер
сайланды деп есептеледі. Дегенмен, осынша пайызды үміткерлер бірден иелене
бермейтіндіктен, сайлаудың келесі турына өтеді, онда кім көп дауысқа ие болады (50%
шарт емес) сол сайланған болып саналады, сайлау жүйесінің бұл түрі салыстырмалы деп
аталады.
Пропорционалды сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауда ұсынған партиялық
тізімге сəйкес саяси партия Парламентте депутаттың мандат санын иеленетін сайлау
жүйесі. Қазақстан Республикасында мажоритарлық жəне пропорционалды сайлау
жүйелері қолданылады. Президент, Парламент депутаттарын сайлауда мажоритарлық
сайлау жүйесі қолданылады. Осыған сəйкес:
-
дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (тандаушылардың) 50%-дан астам
дауысын алған (мұндай жағдайда қайта дауыс беру өткізілмейді);
-
қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатка қарағанда дауыс беруге қатысқан
сайлаушылардың (таңцаушылардың) дауыс санының көпшілігін алған кандидат
сайланған болып есептеледі.
Пропорционалды сайлау жүйесі Парламент Мəжілісінің он депутатын, партиялық тізімге
сəйкес пропорционалды өкілдіктер жүйесі бойынша жəне біртұтас жалпы ұлттық округтің
аумақтары бойынша сайлауда қолданылады. Мəжіліс сайлауы өткеннен кейін ОСК дауыс
беруге қатыскан сайлаушылар санының жеті жəне одан да көп пайызын алған
партияларды анықтайды. Осыдан кейін партияны жақтап дауыс берген сайлаушылар
дауысының жиынтығы онда — біртұтас жалпы ұлттық округтің аумағы бойынша
бөлінетін депутаттың мандаттар санына бөлінеді.
Мажоритарлық жəне пропорционалдық жүйелердің кемшіліктерін жою үшін
аралас сайлау жүйелері қолданылады. Онда депутаттық мандаттың бір бөлігі
мажоритарлық жүйе принципі бойынша жеңіп алынады. Екіншісі, партия тізімі бойынша
сайлануға байланысты бөлінеді.
Соңғы кездері бірқатар ұйымдар (мəселен, БҰҰ, «Жасылдар» ұйымы, партиялары)
сайлаудың консенсустық жүйесін қолданады. Ол қарсыластың санына емес, ал барлық
үміткерлер үшін ең қолайлы жағымды жаққа бағытталған жүйе. Мұнда сайлаушы тек бір
ғана емес барлық (2-ден көп болуы міндетті) үміткерлерге, өзінің қалауы бойынша тізім
түрінде орындап дауыс береді. Мəселен, егер президент лауазымына 5 үміткер үміттенсе,
дауыс беруші олардың əрқайсысының орнын анықтайды. 1-ші орынға 5 баллдан, 2-ші
орынға 4, 3-ші орынға-3, 4-ші орынға -2, 5-ші орынға 1 баллдан беріледі. Дауыс беруден
соң, алынған баллдар қосылып, жеңімпаз анықталады.