«логистика жəне көлік академиясы» «Əгп жəне дт» кафедрасы


Саяси діл [франц.  mentalite – ойлау қабілеті, əлемді сезіну]  –



Pdf көрінісі
бет41/82
Дата05.06.2023
өлшемі3,62 Mb.
#178253
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   82
Байланысты:
umkd

 Саяси діл
[франц. 
mentalite
– ойлау қабілеті, əлемді сезіну] 
– 
ұжымдық 
саяси сананың қалыптасуына ықпал ететін жəне нақты саяси ұжым үшін өзекті 
құндылықтарды білдіретін əлеуметтік-саяси
 
жүйені тану түрі. Егер саяси діл табиғи 
мəдениет негізінде қалыптасса, онда қарапайым болып есептеледі. Ол дəстүрлерге 
негізделеді, əрі түсінік үшін қарапайым, саяси тəжірибеде еркін жүзеге асырылады. Ділдік 
сана адам дүниеге келгеннен бастап өмір бойы қалыптасады. Саяси ділдің қалыптасуына 
ықпал етуші факторлар: тəрбие, білім, саяси жəне қоғамдық əлеуметтену, саяси мəдениет 
жəне қатысу, сайлаушы мінез-құлқы.
Саяси символ (белгі) 
[
грек. 
symbolon
– танымал таңба, белгі] – аса маңызды саяси 
идеалдардың шартты бейнесі, оларды насихаттау мен орнықтырудың аса маңызды 
құралы. Оған мемлекеттің елтаңбасы, саяси партияның эмблемасы, ұлттық жалаудың түсі, 
ордендер жəне т.б.саясаттағы коммуникативті қызмет атқарушы. Бұл белгілер саяси жүйе, 
оның тарихы, қазіргі кезеңі мен болашағын толық білдіреді.
Саяси əлеуметтену – адамның қоршаған ортаның құндылықтарын меңгере отырып, 
сол ортаға бейімделу процесі. 
Бұдан басқа саяси мəдениетке идеология, дін жəне саяси ориентация кіреді. 
Қоғамның саяси өмірінде дін айтарлықтай орын алады. Сонымен қатар, саяси мəдениетке 
мыналарды жатқызуға болады: саяси білім, фактілер, оған ықыласты болуы; саяси 
құбылыстарға баға беруі, биліктің жүзеге асыруға тиіс оқиғаларға қатысты пайымдары, 
саяси позицияға деген көңіл-күйі, мəселен, Отанға деген сүйіспеншілік, дұшпанға деген 
жек көрушілік, белгілі бір қоғамда қалай əрекет етуді айқындайтын саяси іс-əрекеттің 
үлгісі. 
Саяси мəдениеттің мазмұнын, мəнін оның құрылымы арқылы түсінуге болады. Саяси 
мəдениеттің құрылымында 
танымдық, адамгершілік баға берушілік жəне мінез-
құлықтық
элементтерді атап өтуге болады. Саяси мəдениеттің 
танымдық элементі:
саяси 
ойлау, саяси білім, саяси білімділік, саяси сана тəсілі. Оған азаматтардың білімі мен 
түсінігі, елдің Конституциясы мен басқа да заңдардың, партиялардың жəне т.б. 
құрылымын азаматтардың қоғам мен мемлекетті басқаратын қоғамдық-саяси өмірге 
қатысу жолдары мен тəсілдері. Саяси мəдениеттің 
адамгершілік баға беру элементі:
саяси 
нысандар жөнінде белгілі бір түсінік пен пайымды бағдарлайды. Бұл дегеніміз əдетте 
саяси нысандар мен оқиғаларға қатысты бағалы өлшемдер қолдануды талап етеді. Саяси 
мəдениеттің құндылық қатынасы құрылымында жалпы мəдени бағдар, билікке деген 
көзқарас, саяси құбылыстарға деген көзқарас пен қарым-қатынас атап көрсетіледі. Мұнда 
саяси сезім, дəстүрлер, идеалдар, түсініктер, нақты мақсаттар маңызды рөл атқарады. 
Саяси мəдениеттің мінез-құлықтық негізі мынадай бөліктерден тұрады: мемлекеттік 
құжаттардың жобаларын талқылауға жəне плебисциттер мен референдум өткізу 
шараларына қатысуын азаматтардың өздерінің ұғынуы, қоғамның саяси өміріне – 
жиындарға, шерулерге, саяси ереуілдерге, пикеттерге қатысуының түрлері мен дəрежесі 
жəне т.б. 
Саяси мəдениеттің мынадай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет