26
адамдардың саяси объектіге психологиялық бағытындағы саяси мəдениеттің
патриархалды, бодандық, қатысу мəдениеті деп бөледі. Бұл зерттеушiлер АҚШ, Англия,
Германия, Мексика жəне Италия елдерiнде кең тараған саяси құндылықтарға
компаративистiк талдау арқылы саяси мəдениеттiң үш типiн анықтайды. Бiрiншi
типтi
патриархалды
деп атайды. Бұл тип қоғам мүшелерiнiң саяси өмiрге қызығушылық
танытпайтындығымен ерекшеленедi. Əсiресе, осындай жағдай Африканың тайпалық
қауымдастықтарында, кейбiр елдердегi автономиялық елдi мекендерде жиi кездеседi.
Олар негiзiнен өздерiнiң iшкi тайпалық дiндерiнiң қалыптарымен, əлеуметтiк
шектеулерiмен өмiр сүргендi қалайды. Саяси өмiрдiң мемлекеттiк деңгейi өкiлдерiн көп
алаңдатпайды, күнделiктi тiршiлiктiң ауқымынан шыға алмайды. Екiншi типтi
азаматтық
сипаты
деп атайды. Бұл саяси мəдениеттiң құрылымына мемлекеттегi заңды
мақұлдаушы, оған толық бағынушы азаматтардың іс-қимылын жатқызамыз. Олар
қоғамның саяси өмiрiне аздап қатысады (сайлауға барады, ақпарат құралдарында
айтылатын деректермен таныс). Бiрақ, бұл азаматтар енжар түрде жоғарыдан айтылған
нұсқауларды орындауды ғана мақсат етiп, өзiнiң жеке басының саясатқа тiкелей
араласуын қаламайды. Бұл авторитарлы қоғамда кеңiнен тараған саяси мəдениеттiң
формасы. Үшiншi типке саяси мəдениеттi
қоғамшыл
түрде дамытушылар жатады. Бұл
азаматтар саяси процестегi барлық өзгерiстерге қатысып отырады. Қоғамның əрбiр саяси
қадамын қадағалап, ондағы саяси оқиғалар жайлы өз пiкiрлерiн түйiндейдi. Дегенмен,
өмірде саяси мəдениеттің бұл түрлері бірыңғай кездеспейді, яғни араласып келеді.
Елдің немесе қоғамның саяси мəдениетінің біркелкі болуы мүмкін емес. Олар
субмəдениеттерді туындатады. Субмəдениет дегеніміз – жекелеген əлеуметтік жіктердің,
топтардың, саяси мəдениеттері. Əрбір саяси субмəдениет қоғамның саяси мəдениетін
білдіреді. Жəне олардың қоғамдағы түрлері де көп. Ол қоғамдағы қалыптасқан дəстүрлі
мəдениеттен айрықша түрде ерекшеленетін саяси мəдениеттің түрі.
Достарыңызбен бөлісу: