«логистика жəне көлік академиясы» «Əгп жəне дт» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет43/82
Дата05.06.2023
өлшемі3,62 Mb.
#178253
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   82
Байланысты:
umkd

дамыған, 
не дамымаған
ел деп екiге бөлу арқылы олардың деңгейiн анықтау саясаттанушылардың 
арасында кең тарай бастады. Бұл жiктеудiң өлшемi көбiнесе мемлекеттiң жалпы даму 
деңгейiмен байланыстырылады. Мəселен, АҚШ, Германия, Франция, Англия дамыған 
саяси мəдениеттерге ие десе, көптеген елдердi оған жатқызбайды. 
Саяси мəдениеттiң саясаттануда үлкен модельдерi бар: 
тоталитарлық, авторитарлық 
жəне либералды-демократиялық. 
Тоталитарлық
қоғамның кезiнде мемлекеттiк билiк 
барынша тұтастанып, қоғам мүшелерi қатаң бақылауға алынады. Фашистiк жəне 
коммунистiк типтегi тоталитарлы қоғамдар көсем (лидер) басқаратын саяси билiктi 
əмбебаптандырады. Тоталитарлық үрдiстер экономикалық қатынастардағы шаруашылық 
субъектiлер «этатизациялануын» сипаттайды. Бұл жердегi негiзгi аргумент-тиiмдiлiктi 
арттыру. Бұл мағынада қоғам кейбiр экономикалық жетiстiктерге де жетедi. 
Авторитарлық
(өктемшiлдiлiк) қазiргi кезеңде өзiнiң тарихи «ататегi» – автократия мен 
тираниядан сапалы түрде айырмашылықтарға ие болған. Өйткенi ежелгi заманда билiктi 
аздаған адамдар көп емес кiсiлердiң мүддесiне орай жүргiзсе, қазiргi авторитарлық 
көпшiлiктiң атынан топ күйiнде билiктi жүргiзедi. Сөйтiп, деспоттық принциптерiне 
сүйенген қоғам бiрте-бiрте ендi халықты алдап-сулап (манипуляция) билiк жүргiзуге 
ауысқан. Жаңарудың ең оңай түрi «халық мүддесiн» қорғау жайлы науқанды iс-əрекеттер 
жасау екенiн авторитарлы типiндегi мемлекеттердiң басқару органдары жақсы түсiнiп 
алған. Бұл əлеуметтiк-саяси өзгерiстердiң түп тамыры XX ғасырдағы əлеуметтiк 
революциялармен астасып жатады. 
Либералды-демократиялық
модельдегi саяси мəдениет пiкiрлер алуан түрлiлiгiн жоққа 
шығармайды, есесiне қарама-қарсылық жақтың қарсы ұстанымдарынан тиiмдi ортақ ойды 
iздейдi. Бұл саяси шешiмдегi сыңаржақтылықтан қорғайды. Бiрақ, бұл да идеологияның 
бiрi болғандықтан, оның кемшiлiктерi де бар. Мəселен, қоғамдағы барлық мəселелердi 
шешуге болады деген желеумен тарихи қалыптасқан дəстүрлi құндылықтардың құнарлы 
жақтары да ұмытылып кететiн кездерi де болады. Өйткенi, бұндай саяси мəдениет əлемдiк 
кеңiстiктегi саяси тəжiрибенiң кейбiр үрдiстi тұстарын механикалық түрде қабылдап
əлеуметтiк-тарихи ортада қалыптасқан ұлттық жəне дiлдiк ерекшелiктердi ескермеуi де 
мүмкiн. Бұл нақты тарихи қарастыруды қажет ететiн жағдай. Саяси мəдениеттi кейбiр 
зерттеушiлер басқа түрде жiктеп, олармен құндылықтық бағдарлардың байланысын 
анықтап жүр. Мəселен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет