«логистика жəне көлік академиясы» «Əгп жəне дт» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет40/82
Дата05.06.2023
өлшемі3,62 Mb.
#178253
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   82
Байланысты:
umkd

 
Бақылау сұрақтары: 
1. Сайлау құқығы дегеніміз не 
2. Сайлау жүйесінің түрлеріне қатысты қандай пікір білдіресіз 
3. Қазақстандағы сайлау жүйелерінің ерекшелігі неде деп ойлайсыз 
4. Сайлау жүйесі мен саяси партиялардың арасындағы байланысты атаңыз 
 
Пайдаланатын əдебиеттер мен интернет-ресурстар: 
1.Жарқынбаева Р.С. Саясаттану пəнінен дəрістер кешені. Оқу құралы. – Алматы: 
ҚазККА, 2014. -268 б.
2. Иманбаев М.Ө. Саясаттану негіздері: Оқу құралы. – Алматы: Жеті Жарғы, 2014. -
336 б.
3. Иманбаева А.А. Саясаттану негіздері: Оқу құралы. – Алматы: «Əлішер» баспасы, 
2020. – 189 б. 
4. Эндрю Хейвуд. Саясаттану. – Red Globe Press, 2019. 502 б.
5. Интернет-ресурс: https://kk.wikipedia.org 
 
БӨЖ 5.
«Қазақстан Республикасындағы жастардың электоралдық белсендігін арттыру 
жолдары» тақырыбында жоба дайындау
 
 
№6 дəріс 
(1 сағат 11 апта) 
Тақырып: Саяси мəдениет пен мінез-құлық 
Дəріс жоспары: 
1.Саяси 
мəдениет 
ұғымы 
жəне 
оның 
атқаратын 
қызметтері 
2.Саяси 
мəдениеттің 
типологиясы 
жəне 
саяси 
мінез-құлық 
3.Саяси əлеуметтену ұғымы жəне оның кезеңдері
 
1.Саяси 
мəдениет 
ұғымы 
жəне 
оның 
атқаратын 
қызметтері 
Кез келген қоғамның саяси өмірін түсінуде «саяси мəдениет» категориясының маңызы зор 
болып табылады. Қоғамдағы басқа да құбылыстармен байланысты болғандықтан саяси 
мəдениет Конфуций, Платон, Аристотель, Макиавелли, Монтескье жəне тағы басқа 
көрнекті саяси ойшылдардың еңбектерінде де көрсетілген. Себебі, саяси мəдениет 
адамдардың, мінез-құлқына жəне əртүрлі ұйымдардың іс-қимылына, олардың ішкі жəне 
халықаралық саясатының құбылыстарына, қоғамда үстемдік ететін саяси режимдер мен 
жүйелерді бағалауға ықпал етеді жəне саяси процестердің динамикасы мен бағытын, 
көрсетіп отырады. Дегенмен «саяси мəдениет» ұғымы алғаш рет XVIIIғ. немістің 
философ-ағартушысы Иоганн Гердердің еңбегінде кездесті. Ал бұл терминді ғылымға 
ХХғ. 50-60 жылдарында Габриэль Алмонд батыстық саясаттануда айналымға енгізді. 
Г.Алмонд, С.Верба
 
саяси мəдениетті адамдардың психологиялық бағдарларының 
жиынтығы деп есептеді. Саяси мəдениеттің дəрежесі мен жағдайына көп нəрсе 
байланысты: саяси бағытты белгілеу жəне оны халықтың қабылдауы саяси болжамның 
сапасы, саяси басқару, шешімдер қабылдау жəне оны тиімді түрде іске асыру. Ол 
халықтың саяси жағынан жетілуі мен белсенділігінің олардың саяси күрес тəжірибесін 
игеру дəрежесін, саяси билікті пайдаланудағы бостандықтың өлшемін сипаттайды. 
Саясаттану ілімінде бұл тақырыптың маңызы зор. Ол нақтылы саяси жүйенің сипатын, 
қазіргі саяси тəртіптің мəнін, қоғамдық топтардың саяси санасы мен іс-əрекеттерінің 
ерекшеліктерін, саяси процестердің даму жолын жəне бағытын түсінуге жол береді. 


24 
Саяси мəдениет дегеніміз – қоғамдағы саяси идеялардың, принциптердің, 
құндылықтардың, саяси дəстүрдің жиынтығы. Ол қоғамдағы кез келген саяси іс-əрекетті 
бағыттап, бақылай алады. Саяси мəдениеттің бірнеше элементтері бар. Олар: 
Саяси стереотип (қағида) – саяси билік, саясат туралы қарапайым, эмоционалды 
сезімге негізделген білімсіз түсінік. 
Саяси сана – саналы жəне санасыз, рационалды жəне иррационалды, нормативті 
жəне эмпирикалық сезімдер мен түсініктердің жиынтығы. 
Саяси менталитет – ірі əлеуметтік топтардың əлеуметтік- психологиялық сапалы 
тұрақты жағдайы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет