1.Əлемдік саясат жəне əлемдік саяси үдеріс. Халықаралық қатынастар түсінігі
жəне негізгі субъектілері.
Əлемдік саясат деп
– мемлекеттердің жəне басқа халықаралық субьектілердің
əлемдік сахнадағы іс-əрекетінің жиынтығын айтамыз. Ол əлемдік қауымдастықтың
өміріне қатысты шешімдерді шығару жəне оларды жүзеге асыруды, мемлекеттердің
түбегейлі мүдделеріне сəйкес ұстанымдар мен мақсаттарды қамтиды. Əлемдік саясат
халықаралық қатынастардың өзегін құрайды. Ол негізінен сыртқы саясат пен
халықаралық қатынастар жəне халықаралық саясатқа бөлінеді.
Сыртқы саясат
– оған
жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дəрежеде жүргізген іс-əрекеттері жатады.
Халықаралық саясатқа
– мемлекеттік мүдделерді жүзеге асыруға бағытталған
мемлекеттер, жеке адамдар т.б. арасындағы қоғамдық қатынастарды айтамыз. Қазіргі
халықаралық катынастар деп əлемдегі халықаралық қатынастар субъектілерінің арасында
пайда болатын əр түрлі байланыстар мен кездесулер, акциялар мен əрекеттер
түсіндіріледі. Сонымен, халықаралық қатынастар субъектілерінің мүдделерінің түйісуінің
өзегі болатын саяси шынайылықтың спецификалық мазмұны халықаралық қатынастар
болып табылады. Қазіргі кезде мемлекетпен катар мемлекеттен тыс құрылымдар да
халықаралық қатынастардың субъектілері болып табылады, яғни жекелей алғанда БҰҰ
жəне оның органдары: Бас Ассамблея, Кауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық жəне
Əлеуметтік Кеңес, Қамқорлық туралы Кеңес, Халықаралық сот, Секретариат. БҰҰ
құрылым белсенді жəне мақсатты қызметінің нəтижесінде халықаралық шиеленістердің
түйінін шешу, келісімдік процестерді жолға қою, мемлекеттердің мүдделерін түйістіру,
халықаралық құқық нормаларының сақталуын қамтамасыз ету, агрессияны айыптау,
халықаралық проблемаларды шешуде консенсустық мəдениет пен бейбітшілік сүйгіштікті
қалыптастыруға кең жол ашылады. Бұл жағдайда БҰҰ къізметі халықаралык-құқықтық
шеңберде болады. 1945 жылдың 26 шілдесі күні Сан-Франциско каласында қабылданған
БҰҰ Жарғысында көрсетілгендей, БҰҰ жəне оның органдарының міндеттері мыналар:
халықаралық проблемаларды шешудің тəсілі ретінде соғысты болдырмау адамзат
өмірінде адамның негізгі құқықтарына, адамзат тұлғас артықшылықтары мен құнды,
29
əйелдер мен еркектердің, кіші жəне үлкен ұлттардың теңдігіне сенімді нығайту; елдер мен
халықтардың алдында пайда болатын проблемаларды шешу үшін халықаралық жағдайлар
жасау. Азаматтық қоғам ұлттық да халықаралық қатынастардың субъектілері болып
табылады. Олардың алдында тұрған мəселелер ұлттық-мемлекеттік ауқымда
(экологиялық, құқық қорғау жəне басқа да ұйымдар) тиімді шешілмеуі мүмкін. Олар
өздерінің мəселелерін шешу үшін бұқаралық қозғалыстар ұйымдастыру жəне үкімет пен
халықаралық ұйымдарға қысым көрсету жағдайында болады. Халықаралық қатынастар
субъектілері ретінде саяси бастаманы қоғамдық пікірді көтеруге қабілетті, үкіметтің
жүргізіп отырған саясатын реттеу мақсатында оларға ықпалын тигізуге мүмкіндігі бар
беделді адамдар да түсе алады.
Бұлардан басқа, қазіргі кезде аймақтық, мемлекетішілік қақтығысты жағдайды
туғызуға қабілетті, жеткілікті түрде ықпалды халықаралық жəне мемлекетішілік саяси
процестерге əсерін тигізе алатын заңсыз ұлттық құрылымдар да бар. Бұл ұлттық
құрылымдар кең көлемде қызмет істеуге қажетті материалдық-қаржылай, адам
ресурстарына, өзінің идеологиясына, қарулы отрядтарға ие. Олардың саяси міндеті
жартылай заңды ахуалға өтіп алу. Ол үшін, ең алдымен, өздерінің заңсыз, қылмыстық
əрекеттерін ақтау жəне дамыту жолында мемлекеттік билікті пайдалану үшін
мемлекеттік-билікгік құрылымдарға еніп алу қажетті. Осы қатермен күрес терроризмге,
заңсыз бизнеске жəне басқаларына қарсы қажетті акцияларды қолдану үшін
мемлекеттермен, БҰҰ күш-жігерін біріктіруді талап етеді. Қазіргі кездегі халықаралық
қатынастардың шынайы өзегі, ядросы мемлекеттердің өзара байланысы мен өзара қызметі
болып табылады, өйткені мемлекет халықаралық аренада халықаралық байланыстар мен
қатынастарға түсетін халықтардың тəуелсіздігін көрсетеді жəне осыған орай халықаралық
қатынастар мемлекетаралық қатынастармен тығыз байланыста көрінеді. Халықаралық
істерге қатысушы мемлекеттен тыс құрылымдар, азаматтық қоғам ұйымдары, жеке
беделді тұлғалар халықаралық келісімдер негізінде қабылданған жəне мемлекет іске
асыратын құқықтық нормалар мен принциптер шеңберінде əрекет етеді. Тек мемлекет
қана осы үшін қажетті билік өкілеттіктеріне жəне күшпен құралдары арсеналын тарату
құқығына ие. Міне, қазіргі халықаралық қатынастардың субъектілері осындай, олардың
өзара əрекеті субъект-субъектілік қатынастар шеңберінде қазіргі халықаралық саяси
шынайылықты құрайды.
Халықаралық қатынастардың түрлері:
-
саяси: құқықтық, дипломатиялық, ұйымдастырушылық жəне т.б.;
-
экономикалық: қаржылық,сауда, кооперативтік жəне т.б;
-
идеологиялық: келісім, декларациялар, диверсиялар, психологиялық соғыс жəне
т.б;
-
əскери – стратегиялық: блоктар, одақтар жəне т.б.;
-
мəдени: əртістердің гастролі, ақпарат алмасу, көрмелер жəне т.б.
Бұдан басқа халықаралық-құқықтық қатынастар - халықаралық қатынас
қатысушыларының өзара қарым-қатынасын осы қатысушылардың келіскендігі жөніндегі
құқықтық нормалармен ережелермен реттеуге тиесілі.
Халықаралық қатынастар саласында актор деп белгілі бір рөлді ойнауға, болып
жатқан процестерге ықпал етуге қабілетті кез келген қауымдастық, кез келген институт,
ұйым, топ, индивид түсініледі. Яғни олар халықаралық сахнадағы өзарабайланысқа
қатысушылар.
Жаһандастыру жағдайында - əлемдегі экономикалық, мəдени жəне қаржылық
байланыстардың бір біріне тартылысуы жəне бірігуі кең көлем алып, күшеюде – біз
көбіне «орын кеңістігінде» емес, «ағымдар кеңістігінде» өмір сүреміз. Бұл кеңістік
«қысқарып» келеді, уақыт «жоғалып келеді», біз «қысылып бара жатырмыз» жəне
сондықтан да бəріміз бірігіп те келе жатқандаймыз.
Алайда адамзат қауымы өзінің даму барысындағы ең бір күрделі кезеңді басынан
өткеруде, əлем бір жағынан ұйымдасқан, екінші жағынан хаосқа кірген, бір жағынан
30
жаһандасуда, екінші жағынан локалдықты жақтайды, бір жағынан бірігеді, екінші
жағынан бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |