«логистика жəне көлік академиясы» «Əгп жəне дт» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет36/82
Дата05.06.2023
өлшемі3,62 Mb.
#178253
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   82
Байланысты:
umkd

бағыттары.
 
1.Сайлау демократияның міндетті шарты ретінде. Сайлау – 
мақсаты мен 
нəтижесi белгiлi бiр уақытқа басқару жəне шешiм қабылдау қызметтерін жүзеге 
асыратын адамдарды таңдау жолындағы iс-əрекеттiң жиынтығы. Сайлау – басқарушы 
элита құрамына үміткерді жай iрiктеу ғана емес, өте маңызды даму жолын анықтайтын 
саяси үдеріс болып табылады. Сайлау саяси жүйе қызметi ауқымында қарастырылуы 
керек. Ашық саяси жүйе төменнен ұсынылған талап-тiлектерге жоғары деңгейдегi 
икемдiлiгiмен ерекшеленедi. Ашық жəне таза сайлау өткiзудiң маңызды, шешушi 


19 
алғышарты – сайлау үрдiсi барысында қоғамдық сенiмнiң қалыптасуы. Ал, жабық 
қоғамға кез келген бастама мен ұжымдық iс-əрекеттерге қатысты нəубеттiк iс-шаралар 
ұйымдастыру тəн. Мұндай жағдайда сайлау мен партиялар жұмылдырушылық қызметін 
орындайды. Сайлауды ұйымдастыруға байланысты əлем елдерi сайлауды – сайлау 
бəсекелестiкке негiзделген елдер; – сайлау жартылай бəсекелестiкке негiзделген елдер; – 
сайлау бəсекелессiз өтетiн елдер деп жiктеледі. 
Сайлау – əртүрлі демократиялық ұйымдарда қолданылады; саяси партияларда
кəсіподақтарда, ерікті ассоциацияларда, акционерлік қоғамдарда жəне т.б. Ең бастысы 
саяси жүйенің басты элементі – мемлекеттегі сайлау жүйесі туралы мəселе. Сайлаулар 
қашанда дауыс берумен байланысты. Бірақ дауыс беру кейде сайлаумен байланысты бола 
бермейді. Мəселен, тікелей демократияда: референдумда, сауалнамалар жүргізуде, 
жиналыстарда ұжымдық шешімдер қабылдағанда жəне т.б. Сайлау – демократияның 
ажырамас басты элементі. Сайлау жүйесі термині екі мағынада қолданылады. Бірінші 
мағынасы: мемлекеттік органдардың қалыптасуы немесе лауазымды тұлғаның арнайы 
жолмен сайлануы арқылы қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Бұл дегеніміз сайлау 
жүйесіне қатысты барлық əлеуметтік процестерді қамтиды. Екінші мағынасы: сайлау 
жүйесі арқылы дауыс беру нəтижелеріне байланысты үміткерлерді сайлау. Сайлау–
сайланбалы мемлекеттік 
лауазымдарға 
адам 
таңдау 
науқаны. 
Азаматтардың саясатпен мемлекеттік басқаруға атсалысуының ең көлемді əрі нақты 
нысаны болып табылады. Жалпыға бiрдей белсендi сайлау құқығы - Республиканың он 
сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, əлеуметтiк, лауазымдық жəне мүлiктiк 
жағдайына, жынысына, нəсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, 
тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс 
беруге қатысу құқығы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет