«логистика жəне көлік академиясы» «Əгп жəне дт» кафедрасы


Құқықтық мемлекеттің қалыптасу жолдары. Азаматтық қоғам



Pdf көрінісі
бет33/82
Дата05.06.2023
өлшемі3,62 Mb.
#178253
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   82
Байланысты:
umkd

3.Құқықтық мемлекеттің қалыптасу жолдары. Азаматтық қоғам.
Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамның даму келешегі. 
Құқықтық 
мемлекет – өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін, сот тəуелсіздігін, басқару 
заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың құқығы бұзылуына жол 
бермеуді жəне оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды 
қарастыратын мемлекет. Құқықтық мемлекет идеясының сан ғасырлық тарихы бар. Ол 
сонау ежелгі дəуірден бастау алады. 
 
Құқықтық 
мемлекеттің 
философиялық 
негізін 
И.Кант жасады. 
Қазіргі ғаламдық əлемде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы мемлекет, қоғам жəне 
азаматтың арақатынасын қалыптастырудың əмбебап идеалы болып отыр. Құқықтық 
мемлекет идеясының мəні - оның бірізді демократиялылығы, билік көзі ретіндегі халық 
егемендігін бекіту, мемлекеттің қоғамға бағынуы. Құқықтық мемлекет идеясындағы 
бастысы - мемлекеттің жəне оның органдарының зорлық-зомбылығынан, басынуынан 
азаматтарды қорғау кепілі болатын мемлекеттің құқықпен байланыстылығы. 
Құқықтық мемлекет ең алдымен, барлық мемлекеттік органдар, лауазымды 
тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер жəне азаматтар бағынуы тиіс өзіндегі құқықтық 
ережелермен өзін-өзі шектейтіндігімен ерекшеленеді, ал ондағы басты принцип - құқық 
үстемдігі. 
Құқық үстемдігі деген ең алдымен заң үстемдігін білдіреді. Басты, маңызды, негізгі 
қоғамдық қатынастар заңмен реттеледі. Қоғам өмірінде заң үстемдігі арқылы, барлық 
саяси институттарда жоғарғы құқық бастаулары, құқық рухы енгізіледі. Осылайша, 
азаматтардың құқықтарының шынайылығы əрі мызғымастығы, олардың сенімді құқықтық 
мəртебесі, заңдық қорғалуы қамтамасыз етіледі. Құқықтық мемлекет - ең алдымен, 
құқықтық мемлекет идеялары іске асқан конституциялық мемлекет. Конституциялық 
құрылымның негізгі қағидаттары, қоғам дамуының маңызды бағыттары, оның басты 
идеялары конституциялық деңгейде бекітіледі. Конституция құқықтық жүйенің орталығы 


17 
болып табылады. Соның негізінде құқықтық мемлекеттегі заңдылық тетіктері 
қалыптасады. 
Құқықтық мемлекетте биліктің, азаматтың, қоғам мен құқықтың теңдігі жəне 
олардың заң алдындағы құқықтық теңдігі негізгі орын алады. Құқықтық мемлекетте қоғам 
өмірі заңмен реттеледі, заң үстемдік еткен жағдайда, сот ісі тəуелсіз болып, тек заңға 
бағынады. Құқықтық мемлекет əрбір жеке адамның заңды мүдделерінің, ар-намысы мен 
қадір-қасиетінің қорғалуына кепілдік беруі, барлық азаматтардың құқықтары мен 
бостандықтарын, олардың бірлестіктері мен қауымдастығын қамтамасыз етуге тиіс.
Азаматтық қоғам тарихи жағынан мемлекеттен бұрын пайда болған. Азаматтық 
қоғам – адамдардың өмір сүруіне, тіршілік етуіне қажетті өзара қарым-қатынасының 
шарты. Өйткені адам тіршілік ету үшін бір-бірімен қатынас жасап, өзара қауымдасып 
еңбек етеді. Сөйтіп адамдар жаңа материалдық игіліктер жасайды, сол игілікті бөлісу, 
айырбастау, бірлесіп пайдалану үшін, бір сөзбен айтқанда, тіршілік тоқырап қалмау үшін 
түрлі əрекеттер жасайды, отбасы құрылып, бала сүйеді, топтарға, ұйымдарға бірігіп өз 
мүдделерін қорғайды. Адамдардың қауымдасуы өзінің белгілі бер даму кезеңінде өз 
қауымдастарының жеке бастары мен отбасы мүшелерінің, бірлестіктері мен 
ұжымдарының мүддесін қорғау, тыныштығын қамтамасыз ету үшін саяси күшті қажет 
етеді. Мұндай күш ретінде өмірге мемлекет келеді.
Ең алдымен азаматтық қоғам ұғымына анықтама беріп өтсек: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет