«логистика жəне көлік академиясы» «Əгп жəне дт» кафедрасы


Мемлекеттің қазіргі басқару жүйесіндегі ерекшеліктер жəне оның қызметтері



Pdf көрінісі
бет31/82
Дата05.06.2023
өлшемі3,62 Mb.
#178253
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   82
Байланысты:
umkd

2.Мемлекеттің қазіргі басқару жүйесіндегі ерекшеліктер жəне оның қызметтері
Мемлекет басқару формасына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді. Басқару түріне 
байланысты: монархия (абсолюттік, дуалистік жəне конституциялық) жəне республика 
(президенттік, парламенттік жəне аралас).
 
Монархия 
(лат.тілінен аударғанда 
monarchia 
– 
жеке билік, жалғыз билік) – мемлекет басшысының билігі ұрпақтан ұрпаққа 
қалдырылатын монарх басқаратын мемлекеттік басқару формасы. Ол халықтың 
қалауынсыз ұзақ мерзімге жəне өмірінің соңына дейін əкеден балаға мұрагерлікпен 
берілетін басқару түрі. Монархия өзі ішінен бірнеше түрге бөлінеді: абсолюттік, 
конституциялық жəне дуалистік.
 
Абсолюттік монархияға Сауд Аравиясы, Катар, Кувейт, Оман, Бруней жатады. 
Конституциялық монархияға Бельгия, Испания, Люксембург, Монако, Ұлыбритания, 
Дания, Швеция, Нидерланды, Жапония, Норвегия жатады. 
Дуалистік монархияға жататындар: Иордания, Марокко, Тунис. 
Абсолюттік монархияның белгілері: 
-
монарх билігі Конституция немесе заңдармен шектелмеген; 
-
Парламент жоқ немесе оның іс-қимылы барынша шектелген. 
Конституциялық монархияның белгілері: 
-
Конституция монарх билігін шектейді; 
-
монарх мемлекет символы ретінде, бірақ нақты биліктік құзыреті жоқ; 
-
үкімет монарх алдында жауапты емес. 
Дуалистік монархия белгілері: 
-
билік монарх пен парламент арасында бөлінген; 
-
монарх үкіметті тағайындайды; 
-
монарх парламент шығарған заңға вето жариялай алады. 
Республика
(лат. 
Respublіka 
– 
халық 
игілігі, 
қоғамдық 
іс

– мемлекеттік 
басқару нысаны. Мұнда жоғары мемлекеттің билікті белгілі мерзімге сайланған органдар 
жүзеге асырады. Мемлекеттің биліктің барлық жоғары органдары не сайланады, не 
оларды 
жалпыұлттық 
өкілдікті 
мекемелер. 
Билік не бүкіл халықтың (демократия) не оның бір бөлігінің (аристократия) қолында 
болатын мемлекет. Республиканың қозғаушы принципі – саяси ізгілік, яғни Отанға деген 
сүйіспеншілік.
Республикалық билеу түрінің негізгі саяси институттарына парламент, 
үкімет, президент, сот жəне сайлаушылар жатады.
Республиканың бірнеше түрі бар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет