«логистика жəне көлік академиясы» «Əгп жəне дт» кафедрасы


Құқықтық мемлекеттің қалыптасу жолдары. Азаматтық қоғам



Pdf көрінісі
бет30/82
Дата05.06.2023
өлшемі3,62 Mb.
#178253
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   82
Байланысты:
umkd

3. Құқықтық мемлекеттің қалыптасу жолдары. Азаматтық қоғам.
Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамның даму келешегі. 
 
1.Мемлекеттің пайда болуы туралы көзқарастар жəне оның белгілері. 
Мемлекет 
қоғамның саяси жүйесінің аса маңызды институты болып табылады. Мемлекеттің 
маңыздылығы əлеуметтік-рухани өзгерістерге тиімді жəне шешуші ықпал жасай алатындай, 


14 
оның қолында билік пен ресурстардың мейлінше шоғырлануымен анықталады. «Мемлекет» 
термині əлеуметтік-саяси əрекеттерде тар жəне кең мағынада қолданылады. Тар мағынада – ол 
үстемдік институты ретінде, мемлекеттік билікті алып жүруші, иеленуші ретінде түсіндіріледі. 
Ал кең мағынада, мемлекет дегеніміз – қалыптасқан жалпылық, азаматтар одағы, 
қауымдастық. Былайша айтқанда, мемлекет деп белгілі бір аумақта орналасқан жəне жоғарғы 
билік органдары басқаратын ел, қоғам ретінде сипатталады.
Мемлекет ұғымын кеңінен талдап көрсеткен Николло Макиавелли болды. Ол мемлекетті 
басқарудың түрлері мен əдістері туралы мағлұматтар қалдырған. Оның пікірінше: 
«адамдардың үстінен билік жүргізетін барлық мемлекеттер, державалар мейлі республика 
немесе жеке дара басқару болсын олардың мəні бар. Соңғысы патша жаңа билікке келген 
немесе ұзақ басқарған болса мұрагерлікпен берілуі мүмкін». Бұл жерде мемлекеттегі 
монархиялық басқару туралы мəселені көтеріп отыр. 
Мемлекеттің пайда болуы туралы бірнеше тұжырымдамалар бар. Олар:
Теологиялық теория (А.Августин, Ф.Аквинский); мемлекетті құдайдың құдіретімен 
пайда болған, ал бүкіл билікті басшыға құдай берген деп көрсетіледі. 
Антропологиялық теория (Аристотель) – мемлекеттің пайда болуын адамның дамуы 
мен оның қауымдасу табиғатымен түсіндіріледі. Адамдар бір-бірінің қажеттілігін өтеу 
мақсатында бірлесіп өмір сүрді, соның негізінде мемлекет пайда болды дейді. Адам 
табиғатының даму нəтижесінде, мемлекеттік басқаруға алып келді дейді. 
Патриархалдық теория (Конфуцийден бастау алады, Р.Филмер) – отбасындағыдай 
билеушілер сайланбайды, тағайындалмайды жəне қол астындағылар орнынан ала 
алмайды, 
өйткені 
соңғылар 
оның 
балалары. 
Конфуций 
билеушілерді 
қол 
астындағылармен қарым-қатынасты рақымдылық негізінде құруға шақырды.
Мемлекет 
адамдардың отбасы тəжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің 
мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Р.Филмер мемлекеттің 
пайда болуын, тайпалардың руларға, ал рулардың одан үлкен қауымдастыққа, одан əрі 
мемлекетке бірігуіне алып келді дейді.
Қоғамдық келісім теориясы (Дж.Локк, Т.Гоббс, Г.Гроций). Т.Гоббс: Мемлекет 
əлеуметтік келіспеушіліктерді шешуге жəне күш көрестуді легитимді қылдыру үшін 
құрылған; Дж.Локк: Мемлекет билікті шектеу мақсатында құрылған. Мемлекет 
басқарушы мен бағыныштылардың арасындағы өзара келісім негізінде пайда болған 
дейді. Сондықтан қоғамда бостандықты, əділеттілікті, тендікті сақтау үшін адамдар өзара 
шарт жасап мемлекетті құрды. 
Зорлық-зомбылық теориясы (Л.Гумплович, Е.Дюринг, К.Каутский); əскери-саяси 
факторлардан, күштерден, жаулаушылықтан, бір тайпаның екіншісін езіп-жаншудан 
іздестіреді. Жаулап алынған халықтар мен аймақтарды басқару үшін қысым жасау 
аппаратының қажеттігі туды, міне сондай аппарат мемлекет шықты. 
Географиялық теория (Б.Чичерин, В.Соловьев) - мемлекеттің пайда болуы 
географиялық ортаның өзгешеліктерінен деп түсіндіреді. 
Психологиялық теория (Л.Петражицкий, З.Фрейд, Г.Тард) – мемлекеттің шығуын 
адамның психикасының, белгілі бір адамдардың билік еткісі келу қажеттілігі, өзгелердің 
бағынуға тырысуы, еліктеуі, ал басқаларының –бағындыруға, еліктеу үшін үлгі болуы 
іспетті ерекшелікті қасиеттерімен байланыстырады. 
Марксистік теория. (К.Маркс); Мемлекет жеке меншік пен таптың пайда болуынан 
туған дейді. Яғни, экономика жағынан үстем болып тұрған таптың мүддесін қорғап, басқа 
таптардың қарсылығын басу үшін керек дейді. 
Мемлекеттің негізгі белгілері: 
1. Аумақтық (территориялық) бөлінуі, 
2. Ерекше өкімет аппараты (жариялы билік) 
3. Мемлекеттің егемендігі 
4. Ашық күш қолдану, зорлықпен еріксіз көндіру. 
5. Салық салу.


15 
6. Мемлекет азаматының болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет