«логистика жəне көлік академиясы» «Əгп жəне дт» кафедрасы


саяси бастаушы немесе көсемсымақтар



Pdf көрінісі
бет28/82
Дата05.06.2023
өлшемі3,62 Mb.
#178253
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   82
Байланысты:
umkd

саяси бастаушы немесе көсемсымақтар 
болады. 
Ол ұғым 
ХІХғ. 
пайда болған. Саяси бастаушы көбіне бүлдірушілік идеяларды пайдаланып 
мансап құрады. Оған популистік тұрғыдан іс-əрекет етуші адамдар жатады. Оның негізгі 
ерекшеліктері: көпшіліктің тап қазіргі қарапайым талаптарын желеу етіп құптау; өз 
басының атын шығару үшін адамдардың үлкен тобының сыншылдық сезімге берілген 
жағдайын пайдалану; т.б. Сонымен, саяси көшбасшыны қалыптастыратын халықтың 
мүддесіндегі субъект болып табылады. Саяси көшбасшы тұрақты түрде қоғаммен 
байланыс орнатып, үнемі ақпарат алмасып отыруы тиіс. Сонда ғана шынайы имиджді 
қалыптастыруға болады деп санаймын. 
4.
Саяси жүйе ұғымы жəне оның құрылымы
. Саяси ғылымдардағы «жүйе» ұғымы 
биология ғылымынан енген термин. «Жүйе» ұғымы саяси ғылымдарда саяси шешімдер 
қабылдау жəне оны жүзеге асыру процесіне ықпал етуші өзара байланыстарды, əрекетті жəне 
құрылымды білдіреді. Кез келген қоғамдық жүйе бірінің өзгеруі бүкіл тұтастықты жəне 
реттілікті бұзбайтындай байланыста болатын көптеген элементтердің белгілі бір жиынтығын 
елестетеді. Қоғамдық ғылымдарда жүйе ұғымын ең алғаш Т.Парсонс қолданған болатын. 
Саяси жүйе түсінігін ХХғ. 50-60 жж.Д.Истон кеңінен зерттеді. Кейіннен саяси жүйе ұғымы 
К.Дойч, А.Этциони, Д.Дивайн жəне т.б. көптеген ғалымдардың зерттеулерінде 
қарастырылған. Сонымен 
саяси жүйе дегеніміз
билік жүргізе отырып, қоғамдағы 
тұрақтылық пен тəртіпті қамтамасыз ететін, оларды бағыттайтын жəне бақылайтын 
институттар мен ұйымдар, нормалар мен принциптер жиынтығы. Саяси жүйенің басты 
элементіне – мемлекет жатады. 
Саяси жүйе төмендегідей құрылымнан тұрады: 
Институционалды құрылым – қоғамның саяси институттарының бүкіл жиынтығын 
қамтиды жəне қоғамның саяси өмірінің құрылымын құрайды. Мұнда мемлекет, саяси 
партиялар мен ұйымдар кіреді. 
Нормативті-реттеуші құрылым – ол мемлекеттік органдар бекітетін жəне 
адамдардың қарым-қатынасы мен саяси жүйедегі солардың талаптарын реттейтін тиісті 
құқықтық нормалар сияқты мораль, салт-дəстүрлер мен ғұрыптардың жиынтығы. Бұған 
Конституция, партиялардың жарғылары мен бағдарламалары, нормативтік заңдық актілер, 
заңдар, жазылған немесе жазылмаған нормалар мен принциптер жатады. 
Мəдени құрылым – бұл саяси жүйені жетілдіру факторы. Бұл ретте ол азаматтардың 
саяси өмірге қатысуына ықпал ететін субъективті факторлардың – саяси мəдениет, саяси 
психология, менталитет, ұлттық мінез-құлық жəне т.б. жиынтығы. 
Ақпараттық-коммуникативті құрылым – саяси жүйенің əртүрлі элементтері 
арасындағы байланысты жəне ақпараттар алмасуды қамтамасыз етеді. Бұған үкіметтің, 
тұтастай қоғамның жағдайы туралы қажетті ақпараттар жинаудың формалары, сонымен 
бірге мемлекеттің жүргізіп отырған саяси бағытына ықпал ету мақсатында əртүрлі 
мүдделі қоғамдық топтардың, саяси партиялар мен қозғалыстардың мемлекеттік 
органдармен байланыс орнату құралдары жатқызылады. Саяси жүйенің əртүрлі 


13 
элементтерінің арасындағы ақпараттар алмасуды қамтамасыз етеді. Бұл арада БАҚ-тың 
рөлі ерекше болып табылады. 
Функционалды құрылымға – əртүрлі саяси процестер мен саяси билікті жүзеге 
асырудың тəсілдерінде көрініс табады. Ол жекелеген əлеуметтік, əлеуметтік саяси 
институттар сияқты, олардың топтары арқылы жүзеге асырылуы тиіс əртүрлі саяси рөлдер 
мен қызметтер жатады. Бұл жерде ол саяси режимнің негізін құрайды. 
Идеологиялық құрылымы – бұл қоғамның саяси өміріне қатысушылардың саяси 
көзқарастарының, 
идеяларының, 
теорияларының, 
тұжырымдамаларының 
жəне 
т.б.мазмұны бойынша əртүрлі жиынтығы. 
Саяси жүйе теориясын тұңғыш рет 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет