Саясаттағы пассионарлық
[фр.
passion
– құштарлық, албырттық] – өз алдарына бұрын-соңды
болып көрмеген мақсат қойып, жаңа идеолгия мен жаңа құндылықтарды қалыптастырып, дəстүрге
қайшы келетін əрекеттерге баратын саяси элитаның аса белсенді өкілдері, саяси қайраткерлер.
"Пассионарлық" терминін Л.Н.Гумилев енгізді. Оның пікірінше, күрделі ықпал етудің арқасында
əртүрлі салаларда асқан белсенділік танытатын адамдар қалыптасады. Осылай күш салу арқылы
олар, кейіннен негізгі бұқараға қалыпты, дəстүрлі жайға айналатын өмір сүрудің жаңа ережелерін
қалыптастырады.
Саясаттағы психологиялық қысым –
өкіметтік органдарға, саяси жəне əлеуметтік
құрылымдарға тікелей немесе жанама ықпал ету əдістері мен тəсілдер жиынтығы. Саясаттағы
психологиялық қысымның субъектілері формальды немесе формальды емес топтар, ұйымдар,
қозғалыстар, т.б. Дж. Магдвик пікірінше, саясаттағы психологиялық қысым субъектілері – «өкімет
саясатын, оның негізгі жəне əкімгершілік аспектілерін əр түрлі ықпал ету түрлерін қолдану
арқылы өзгертуге ұмтылатын, əрі өкіметтік билікті қолына алғысы келетін топтар».
Саяси апатия
[грек. apatheia – селқостық] – саяси шындықтағы оқиғаларға эмоциялық пассивті,
қызығушылық танытпайтын индивид жағдайы. Апатия саяси белсенділіктің төмендеуімен жəне
саяси қызметке саяси қызығушылық пен қатысудың əлсіреуімен сипатталады. Апатия саяси
жатсыну, оқшауланудың салдары.
Саяси бағдарлама
[грек.
programma
– хабарлама, нұсқау, ұйғарым] – партияның немесе
мемлекеттік институттардың саяси платформасын, негізгі қағидаларын, оның қызметіндегі
мақсаттары мен оны жүзеге асыру тəсіл-құралдарын түсіндіру. Бағдарламалар қысқа,
концептуалды, кейде бүге-шігесіне дейін анықталған болуы мүмкін. Бағдарламаны дайындаушы
субъекті билікке жақын болған сайын оның бағдарламасы да дəлме-дəл дайындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |