«логистика жəне көлік академиясы» «Əгп жəне дт» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет10/82
Дата05.06.2023
өлшемі3,62 Mb.
#178253
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   82
Байланысты:
umkd

Саяси белсенділік
[лат. 
activus
– белсенді] – саяси ортадағы өмірлік маңызы бар байланыстарды 
қайта құруға немесе қолдауға бағытталған жеке тұлғаның белсенді қызметі. Саяси психологияда 
белсенділік саяси қызметтің, оның қалыптасуының, жүзеге асуының жəне өзгеруінің динамикалық 
шарты ретінде қарастырылады. Саяси белсенділік: 1) іс-əрекеттің саяси субъектінің ішкі 
жағдайымен байланыстылығы; 2) саяси субъектінің мақсатымен байланыстылығы; 3) жағдайдан 
жоғары, яғни бар мақсаттардан жол табу; 4) қабылданған мақсатқа қатысты саяси қызметтің 
тұрақтылығымен сипатталады. 
Саяси болжау 
[грек. 
prognosis
– алдын-ала болжау] – саяси жағдайлардың алдағы уақытта 
нақтылы даму бағытын анықтау мақсатында саясаттың құбылыстары мен үрдісін ғылыми зерттеу. 
Бұндай зерттеу саяси іс-тəжиірбеде жеміс беретін мүмкіндіктердің ықтимал стратегиясын 
бағалауда нақтылы бір нəтиже беретін, үнемі даму үстіндегі саяси талдау əдістемесіне сүйенеді. 
Бірақ саяси болжамдаудың негізгі мəселесі – зерттеушінің саяси даму мүмкіндігін алдын ала 
болжау, көре алу. Алғашқы талап-тілек пен олардың нəтижелерін жүзеге асыруда сəйкессіздік 
болуы мүмкін. 
Саяси диагностика 
[грек. 
diagnostikos
– тани білу қабілеті] – саяси оқиғаға білікті түрде баға 
беруге, диагноз қоюға апаратын саяси құбылыстарды, саяси оқиғаларды, үрдістерді тану
қағидалары мен саясаттанудың əдіс-тəсілдер ілімі. Саяси диагностика – ол, біріншіден, саясаттың 
субъектілері мен үрдістерінің жай-күйін талдау, олардың қызмет етуі мен даму барысындағы 
мəселелерді анықтау болып табылады. Екіншіден, ол – саяси үдерістерді зерттеу, саяси диагноз 
қою қағидалары мен əдістерінің жиынтығы.
Саяси діл немесе менталитет
[франц. 
mentalite
– ойлау қабілеті, əлемді сезіну] 
– 
ұжымдық саяси 
сананың қалыптасуына ықпал ететін жəне нақты саяси ұжым үшін өзекті құндылықтарды 
білдіретін əлеуметтік-саяси
 
жүйені тану түрі. Егер саяси діл табиғи мəдениет негізінде қалыптасса, 
онда қарапайым болып есептеледі. Ол дəстүрлерге негізделеді, əрі түсінік үшін қарапайым, саяси 
тəжірибеде еркін жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет