«логистика жəне көлік академиясы» «Əгп жəне дт» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет13/82
Дата05.06.2023
өлшемі3,62 Mb.
#178253
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   82
Байланысты:
umkd

Саяси оппозиция [
лат. 
oppositia
– қарсы тұру] – үстемдік етуші тəртіп қызметінен тыс қалған 
мүдделер мен құндылықтарды білдіруді мақсат тұтатын саяси институт. Саяси оппозиция қызметі 
саяси тəртіпті тұрақсыздандыратын факторлардың кең тараған түрі болып есептеледі. Оппозиция 
саясаттағы «сыни рухты» білдіруші күш.
Саяси партия
– мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, 
ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы. Алғашқы саяси 
партиялар Ежелгі Грецияда пайда болған. Ал қазіргі біздің түсінігіміздегі саяси партиялар 
Еуропада ХІХ ғ. ІІ жартысында пайда бола бастаған. 
Саяси технологиялар – 
саяси билік үшін күреске қатысушы саяси топтар мен ұйымдардың 
тиімділігін көтеру мақсатында жүзеге асырылатын іс-əрекеттер. нақты субъектінің белгілі бір 
уақыт пен белгілі бір жерде мақсаттары мен міндеттерін оңтайлы жəне тиімді жүзеге асыруға 



бағытталған, бірінен соң бірі қолданылатын процедуралар, қызмет əдістері мен тəсілдер 
жиынтығы. 
Саяси тəуекел - 
саяси шешімді қабылдау элементі, бір жағынан, жоюға болмайтын факторлардың 
туындау мүмкіндігімен, екінші жағынан, қабылданған шешімдердің субъективті қабылдануымен 
байланысты. Елдегі (аймақтағы) басқару, экономикалық жəне тағы басқадай қызмет түрлеріне 
теріс немесе оң ықпал етуі мүмкін саяси факторлардың туу мүмкіндігі. Мұндай саяси факторлар 
қатарында: саяси режимнің тұрақтылық, саяси тəртіпсіздіктер, жемқорлық, қылмыс, жұмыссыздық 
деңгейлері. 
Саяси шешім
– саяси жағдайды өзгертуге немесе тұрақтандыруға бағытталған, саяси іс-əрекетті 
ұйымдастырудан немесе орын алған мəселені идеологиялық тұрғыдан шешуге тырысатын саяси 
үрдістің негізгі тұстарының бірі. Саяси шешім саяси сана, салт-жоралғыларды немесе дəстүрді 
қолданудан, сондай-ақ заңды пайдаланудан көрініс табуы мүмкін. 
Саяси элита
– саны жағынан аз, салыстырмалы түрде артықшылыққа ие, жеткілікті түрде өзіндік, 
белгілі бір деңгейде басқа адамдарды басқаруға қажет психологиялық, əлеуметтік жəне саяси 
қаситеттерге ие, жəне мемлекеттік билікті жүзеге асыруда тікелей қатысатын жоғарғы топ (немесе 
топтар жиынтығы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет