Социал-демократиялық қозғалыстар –
социал-демократиялық бағыттағы, солшыл-орталық
позициядағы саяси ұйымдар, əлеуметтік реформалар, аралас экономика мен жақсы өмірді
қамтамасыз ететін мемлекетті құру бағдарламаларын ұсынады. Социал-демократиялық
бағдарламаларындағы əлеуметтік реформалар негізінен үш сапаны қамтиды: 1) экономикалық
өсудің тұрақты жоғары темпі; 2) əлеуметтік қамтамасыз ету жəне қызмет көрсету жүйесін құру
мен дамыту; 3) экономиканы мемлекеттік реттеу механизмдерін кеңінен қолдану.
Социал-демократия тəжірибесі оның əлеуметтік жəне саяси шындықтың жаңа талаптарына
жауап іздеуде екенін дəлелдейді.
Халықаралық немесе сыртқы саяси маркетинг –
жеке мемлекеттер жəне халықаралық саяси
одақтар, блоктар, бірлестіктер арасындағы саяси ықпал аймағын анықтау мен бөлу, халықаралық
қатынас субъектілерінің геосаяси мүдделер саласын заңдастыру хақында туындайтын өзара
қарым-қатынас саласы. Мұндай қарым-қатынас сипаты жеке мемлекеттердің экономикалық, саяси
жəне əлеуметтік-мəдени күшінен тəуелді. Мемлекет күшті болса, оның халықаралық
экономикалық жəне саяси конъюнктураға ықпалы зор. Жинақталған маркетингтік күшіне қарай
мемлекеттерді төрт түрге бөлуге болады: ұлы держава, əлемдік держава, аймақтық держава жəне
кішігірім мемлекеттер.
ҚҰРАСТЫРҒАН: А.А. Иманбаева
1
«Саясаттану» пəнінен
Дəрістер конспектісі
№ 1 дəріс
(1сағат, 1 апта)
Тақырып: «Саясаттану ғылым жəне оқу пəні ретінде»
Дəріс жоспары:
1.Саясаттанудың пəні мен объектісі.
2. Саясаттанудың қызметі мен парадигмалары.
3. Саясаттанудың əдіс-тəсілдері
Достарыңызбен бөлісу: |