«логистика жəне көлік академиясы» «Əгп жəне дт» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет12/82
Дата05.06.2023
өлшемі3,62 Mb.
#178253
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   82
Байланысты:
umkd

Саяси көшбасшылық 
– саяси іс-əрекетті жүзеге асыруда халықтың немесе белгілі бір əлеуметтік 
топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді 
жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшін қаланың, аймақтың, мемлекеттің 
көлемінде адамдардың күш-жігерін біріктіріп, белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бұл ұғым 
мағынасы кеңейе түсті. Өйткені саяси көшбасшыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын, 
бірақ саяси өмірде беделді, аты шыққан адамдарды жатқызып жүр. Қазір саяси көшбастаушылар 
деп қоғамдық-саяси ұйымға, қозғалысқа, мемлекетке əрдайым жəне шешуші ықпал ететін тұлғаны 
айтады.
М.Конвей ұсынған саяси көшбасшылық жіктемесі – 
зерттеуші М.Конвей тобырдың 
арасындағы көшбасшылықтың үш негізгі түрін анықтаған: 1) 
көсем
– мысы басылып, ұйып, 
бастаушының жетегінде кеткен қара тобырды өз бақылауында ұстап, өзі таңдаған бағытта 
соңынан ертуге тырысатын көшбасшы; 2) қара тобырдың 
өкілі
халықта қалыптасқан «дұрыс» 
пікірлерді білдіреді; 3) пікірлерді 
түсіндіруші 
халықтың күңгірт түсінігін, астыртын 
қорқыныштары мен уайымдарын дөп басып айтуға тырысады.
Саяси қатысу – 
жеке азаматтармен немесе топтармен мемлекеттік немесе қоғамдық саясатқа, 
мемлекеттік істерді басқаруға немесе саяси басшылықты, саяси биліктің барлық деңгейіндегі 
жетекшілерді таңдауға ықпал ету мақсатында жүзеге асырылатын іс-əрекеттер. Саяси қатысу – 
қатардағы азаматтардың талап-тілектерін, мүдделерін жүзеге асыратын тəсілдер.
Саяси мүдде – 
адамның, əлеуметтік топтың қандай да бір саяси құбылыстарға, үрдістерге өзінің 
дүниетанымдық қағидаттары, сенімдері, ұстанымдары негізіндегі ерекше қатынасы. Бұл саяси 
мінез-құлықтың саналы, ішкі көзі. Ол адамдардың саяси мақсаттар қоюын жəне оған қол жеткізу 
үшін нақты əрекеттерді жүзеге асыруын итермелейді. Саяси мүддені жүзеге асыру тетіктері: саяси 
қатысу жəне саяси қызмет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет