2
1.Саясаттанудың пəні мен объектісі. Саясаттану
(грек.
politike
– мемлекетті
басқару өнері,
logos
– сөз, түсінік, ілім) – саясат, саяси үрдіс, саяси билік туралы ғылым.
Негізін қалаған – көне грек ғалымы Аристотель болып саналады.
Саясаттану пəні
–
қоғамның саяси саласын,
оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді
ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Саясаттанудың
негізгі зерттеу объектісі
– саяси биліктің қалыптасуы мен дамуының, оның мемлекетті,
қоғамды жасау түрлері мен əдістерінің жалпы заңдылықтары. Сонымен қатар, қоғамның
тұтастай алғандағы саяси өмірі де
саясаттанудың объектісіне
жатады.
Саясаттанудың қазіргіге жақын түсінігі ХІХ ғасырдың ІІ-жартысында қалыптасты.
1857 жылы Колумбия университетінде Америка тарихында алғаш саяси ғылымдар
кафедрасы ашылды. Ал Батыста саясаттану ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін дами бастады.
Бұған көбіне 1948 ж Парижде ЮНЕСКО басшылығымен
өткен саяси ғылымның
сұрақтары жөніндегі халықаралық коллоквиум себеп болды. Онда саясаттанудың негізгі
мəселелерін, мəнін ашатын құжаттар қабылданды. Құжатқа сая саясаттанудың зерттеу
жəне оқыту мəселелері анықталды. Олар: Саяси ғылымның зерттеу объектілері: 1) саяси
теория; 2) саяси институттар; 3) саяси партиялар, топтар, қоғамдық пікір; 4) халықаралық
қатынастар.
2.Саясаттанудың қызметі мен парадигмалары.
Саясаттану
басқа ғылымдар
сияқты, келесі қызметтерді атқарады:
Танымдық қызметі-
саяси өмірмен биліктік қатынастар туралы танып-білуге
мүмкіндік жасайды.
Бағалау қызметі –
саяси
құрылысқа, институттарға, іс-əрекеттерге жəне оқиғаларға
саяси тұрғыдан баға береді.
Практикалық қызметі -
саяси теориялар мен тұжырымдар негізінде, мақсатқа
жетуге байланысты нақты əдіс-тəсілдерді ұсынады.
Саяси
шешімдердің сараптамасымен
саяси реформалар теориясын қалыптастыруға ықпал етеді.
Саяси өмірді рационализациялау қызметі-
мемлекеттің шешімдері мен жүргізіп
жатқан реформаларын қарапайым халыққа түсіндіру.
Реттеушілік, басқару қызметі
- ол саяси үрдістің даму бағдарын бақылай отырып,
тиімді басқару үшін нақты мағлұматтар береді.
Жетілдіру қызметі -
саяси басқаруда реформалар жасап, оларды қайта қарастыруға
мүмкіндік береді.
Əлеуметтендіру қызметі -
саяси нормалар мен
дағдыларды тарату мен қатар,
азаматтық, патриоттық сезімді қалыптастыру жəне саяси мəдениетті көтеруге байланысты
қызмет.
Болжам жасау қызметі –
тиісті саяси шешімдердің, теориялардың,
ойлардың
нəтижелерін алдын-ала көруге бағытталады.
Саясаттануда
парадигма
деп саяси өмірді бейнелеуде білімді ұйымдастырудың
қисынын білдіретін, əлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау үлгісі деп
мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады. Саясаттағы «парадигма» ұғымы
зерттелетін мəселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория.Ол ұғымның енген уақыты
ХХ ғ. 20-жылдары (американдық тарихшы – Гарольд Кун.). Парадигма түрлері:
Достарыңызбен бөлісу: