«логистика жəне көлік академиясы» «Əгп жəне дт» кафедрасы


Саясаттанудың əдіс-тəсілдері



Pdf көрінісі
бет17/82
Дата05.06.2023
өлшемі3,62 Mb.
#178253
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   82
Байланысты:
umkd

3.Саясаттанудың əдіс-тəсілдері. 
Саясат ғылымында қолданылатын əртүрлі əдіс-тəсілдер 
оның пəнін тереңдетіп жəне жан-жақты тануға мүмкіндік береді. Грек тілінде metodos – 
зерттеу жолы дегенді білдіреді. Демек, əртүрлі əдіс-тəсілдер арқылы теорияға баға бере 
отырып сараптама жасауға мүмкіндік береді. 
Əлеуметтанулық əдіс
– саясаттың қоғамға 
қаншалықты тəуелді екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Соның ішінде экономикалық 
қатынастардың, əлеуметтік құрылымның, идеологияның жəне мəдениеттің саяси жүйеге 
қаншалықты ықпал ететіндігін əлеуметтанулық зерттеу жүргізу арқылы қоғамның 
саясатқа қатынасын білуге болатындығын көрсетеді. Бұл əдістің негізінде – қолданбалы 
саясаттанудың қалыптасқандығын атап өтуге болады.
 
Нормативті немесе нормативті-құндылықтық əдіс
– ол жалпы қоғам мен тұлға 
үшін саяси құбылыстардың маңыздылығын анықтауға көмектеседі. Əділеттілік, еркіндік, 
адамның ар-ұждан бостандығы жəне т.б құндылықтар басшылыққа алынады. Ол этикалық 
құндылықтар мен нормаларға сəйкес саяси мінез-құлық пен институттардың қалыптасуын 
талап етеді. Нормативті əдіс саяси шындықты мінсіз қылып көрсетуге тырысты деп 
көбінесе сынға қатты ұшыраған əдістердің бірі. Дегенменде əртүрлі шектеулерге 
қарамастан, ол саясатқа этикалық-адами тұрғыдан өлшем беріп, адамгершілік 
қағидаларын енгізді.
 
Институционалды əдіс –
бұл əдіс ХХғ. басына дейін нормативті əдістермен қатар 
үстемдікке ие болды жəне бүгінде саясатта ерекше орын алады. Ол саяси қызмет көмегі 
арқылы мемлекет, саяси партиялар, басқа ұйымдар мен бірлестіктер, құқық, үкіметтік 
бағдарламалар мен саяси қызметті реттейтін институттарды зерттеуге көңіл бөледі.
Антропологиялық əдіс 
– бұл туралы Арситотельдің көзқарастарында да келтірілген 
адамның қауымдасып өмір сүру табиғаты ерекшелігінен туындайды. Бұл əдіс адамның тең 
құқықтарын алға тарта отырып (этникалық, нəсілдік, əлеуметтік жəне географиялық 
жағдайына тəуелсіз) оның саясатпен байланысты мəселелерін шешуге көмектеседі. 
 Психологиялық əдіс
– саяси іс-əрекеттің, жеке адами сана, мінез-құлықтық 
субъективті механизмдерін жəне сонымен бірге психологиялық мотивацияның 
механизмдерін зерттеуге бағытталған. Бұл əдіс көне замандарда пайда болған. Конфуций 
Қытай патшаларына қоластындағылардың сенімі мен бағыныштылығын қамтамасыз ету 
үшін өз əрекеттеріне психологиялық əрекетті қосуды ұсынған.
Жүйелік əдіс – 
қоғамның саяси саласын өзара бір-бірімен жəне сыртқы ортамен 
қатынастарындағы əрі байланыстарындағы элементтер жиынтығынан тұратын белгілі бір 
тұтастық ретінде қарайды. 
Салыстырмалы əдіс
– 
саяси құбылыстарды салыстыру арқылы, олардың олардың 
ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратуға мүмкіндік береді. Қазақстан жағдайында 



тəжірибесі озық елдермен салыстыра отырып, саяси бағыт-бағдарлар мен реформалардың 
дұрыс жүргізілуіне жағдай жасайды деуге болады. 
Бихевиористік əдіс,
саясат – жеке адамдар мен топтардың іс–əрекетін, белгілі бір 
саяси жағдайларда адамдардың өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді. 
Негізінен мазмұны – саясатта жалпы адамдардың мінез-құлқын есепке ала отырып шешім 
қабылдауға мүмкіндік туғызады. Бұл əдіс кейіннен эмпирикалық əдістің қалыптасуына 
ықпалын тигізді. Өйткені, анкеталық сұрақ-жауаптар т.б.статистикалық мəліметтерді 
қолдануға мүмкіндік береді. 
Тарихи əдіс
– 
саяси оқиғалар мен процестердің уақыт мезгілін еске ала отырып 
жүйелеу. Саясаттың жалпы қалыптасуы мен дамуының өзі тікелей тарихи əдіске алып 
келеді. Қазақстанның тəуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қалыптасқан саясат пен 
қазіргіге дейінгі уақыттың хронологиясын тарихи тəсілге сүйене отырып негіздейміз. 
Саясаттанудағы эмпирикалық зерттеу əдістер 
қолданбалы саясаттанудың 
қалыптасуына ықпалын тигізді. Оған мыналар жатады: əлеуметтанулық сауалнамалар 
жүргізу, интервью, бақылау жəне т.б. əртүрлі тəжірибелік əдістер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет