«логистика жəне көлік академиясы» «Əгп жəне дт» кафедрасы


Бихевиористік анықтама бойынша



Pdf көрінісі
бет19/82
Дата05.06.2023
өлшемі3,62 Mb.
#178253
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   82
Байланысты:
umkd

Бихевиористік анықтама бойынша
билік деп басқа адамдардың жүріс-тұрысын, 
өзін-өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс-əрекеттің ерекше түрі. 
Психологиялық анықтама 
билікті бихевиористік түсінікке сүйене отырып бұл 
анықтама адамдардың санасына, мінез-құлқына ықпал етудің ерекше түрі деп есептейді. 
Бұл анықтаманың басты бағыты – психоанализ. Бұл əдістің негізін қалаған австрия 
ғалымы Зигмунд Фрейд. Билік, еріктің оған өзарабайланысының негізінде «ерікті 
құлдыққа» тəуелді түрде дайын болуы деп түсіндіреді. Фрейд адамның психикасында оны 
жеке қорғаныс пен сенімділік үшін, бостандыққа құлдықты артық көруге бейім ететін 
құрылымдар бар деп көрсетеді. Сонымен психологиялық анықтама билікті басқару мен 
бағынудан тұрады деп көрсетеді. 
Жүйелік анықтама 
бихевиористік жəне психологиялық анықтамаға қарама-қайшы. 
Егер бұл екі бағыт билікті төменнен жоғарыға қарай, жеке адамнан қоғамға қарай шынайы 
эмпирикалық тəжірибе негізінде бақылауға болатын бағыттардан деп түсіндірсе, жүйелік 
анықтама бойынша биліктің қуаттылығы жеке адамдардың қатынасынан емес, əлеуметтік 
жүйеден шығады деп көрсетеді. Билікті жүйенің өзінің ұжымдық мақсаттарын жүзеге 
асыруға бағытталған міндеттемелердің өз ішіндегі элементтерімен орындалуын 
қамтамасыз ету қабілеті деп қарастырады. Жүйелік анықтаманың бірқатар өкілдері 
(К.Дойч, Н.Луман сияқты) билікті топтық жанжалдарды реттеуге мүмкіндік беретін жəне 
қоғамның интеграциялануын қамтамасыз ететін əлеуметтік қатынас (коммуникация) 
құралы ретінде түсіндіреді.
Инструменталистік анықтама билікті
белгілі бір құралдарды, амалдарды (зорлық-
зомбылық, күштеу сияқты шараларды) пайдалану, қолдану мүмкіндігі деп біледі. 
Мəселен, Американың белгілі саясаттанушысы Р.Даль билік бір адамға екінші адамды өз 
еркімен жасамайтын іс-əрекетті жасауға мəжбүр ету мүмкіндігін береді дейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет