«логистика жəне көлік академиясы» «Əгп жəне дт» кафедрасы


Билік легитимділігі дегеніміз



Pdf көрінісі
бет22/82
Дата05.06.2023
өлшемі3,62 Mb.
#178253
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   82
Байланысты:
umkd

Билік легитимділігі дегеніміз:
халық алдындағы мемлекеттік 
биліктің беделі, сенімге ие болуы, мойындалуы.
Ал, дəстүрлі, харизматикалық,құқықтық легитимділік туралы айтқан неміс 
саясаттанушысы М.Вебер болды.
Дəстүрлі билік ұғымы. Бұрыннан қалыптасқан салт-дəстүрлік тəртіптерге негізделген 
биліктің түрі. Дəстүрлі билік монархияға тəн.
Харизматикалық билік ұғымы, өзінің ерекше ақылдығымен, батырлығымен немесе 
үлгілі қасиеттерімен көзге түскен адамның билік жүргізуі. Бұл жеке басқа табынушылыққа 
алып келуі де ықтимал.
Рационалды-құқықтық (демократиялық) легитимдік. Ол жалпыға бірдей демократиялық 
принциптерді ұстанатын, сайланбалы өкілдік органдары бар, заң үстемдік ететін 
мемлекеттегі басқару. Саяси билікте билікке жете алмай қалған, бірақ саяси билік үшін 
бəсеке тудырған субъектілерде бар. Оларды оппозиция деп атайды. Олар саяси биліктің 
əрекетін сынап қана отырмай, қоғаммен тұрақты байланыста болулары керек, сонда ғана 
халықтың қолдауына ие болып сенімін қалыптастыра алады. 
Саяси оппозиция [
лат. 
oppositia
– қарсы тұру] – үстемдік етуші тəртіп қызметінен тыс қалған мүдделер мен 
құндылықтарды білдіруді мақсат тұтатын саяси институт. Оппозиция дегеніміздің өзі 
латын тілінен аударғанда қарсы қою дегенді білдіреді жəне екі мағынада қолданылады. 
Кең мағынада бұл саясатта үстемдік құрушы пікірге нақты бір топтардың немесе жеке 
тұлғалардың қарсы шығуы, оларға өздерінің əлеуметтік-саяси көзқарастарын қарсы 
қоюы. Ал тар мағынада оппозиция ресми мемлекеттік бағытпен келіспейтін, елдің 
қоғамдық-саяси жəне əлеуметтік-экономикалық дамуының балама жолын ұсынатын 
нақты саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар-саяси ұйымдардың қызметінен көрініс 
табады. 
Саяси оппозицияның қалыптасу себептерінің қатарына қоғамдағы əлеуметтік 
жіктелу, ұлттық теңсіздік, сайлау жүйесіндегі кемшіліктер, тұрғындардың үстемдік етуші 
мемлекеттік құрылысқа көңіл толмаушылығы, элита қатарындағы жікшілдік жатады.
Қазiргi заманда оппозиция қатарында өздерiнiң қоғамдық жағдайын жақсартуға 
ұмтылушылармен қатар, наразылықтың психологиялық аспектiсi маңызды деп есептейтiн 
топтар да бар. Сондықтан, оппозицияны құрайтын топтарды екiге бөлуiмiзге болады. Бiрi 
материалдық бағыттағы топ, екiншiсi материалдық емес бағыттағы топ.
Материалдық бағыттағы топқа əлеуметтiк мəртебесi төмен топтар немесе əр түрлi 
этникалық, дiни, т.б. азшылықтар жатады. Бұл қарсылық көрсету тобындағылар үшiн 
қарсылық көрсету əлеуметтiк белсендiлiк инструментi. Олар өздерiнiң алдына əлеуметтiк 
мəртебесiн, жағдайын жақсарту жолында нақты мақсаттар қояды. Мысалы, 
Қырғызстандағы қарсылық көрсетушi топтың негiзiн қалыптасып отырған əлеуметтiк-
экономикалық жағдайға байланысты осы материалдық бағыттағы топ құрады. 
Материалдық емес бағыттағы топ жоғары мəртебедегi топ өкiлдерiнен тұрады. Бұл 
топ өкiлдерi үшiн оппозициялық қызмет инструменталдық сипатта емес, олар əлеуметтiк 
жəне психологиялық энергия алу, өз-өздерiн тұлға ретiнде көрсету мақсатында 
қолданылады. 
Оппозициялық қозғалыстың қызмет етуi тек демократиялық қоғамға тəн құбылыс. 
Себебi, тоталитарлық саяси тəртіптерде жетекшi партия рөлi басқа саяси құрылымдардың 



өмiр сүруiне мүмкiндiк бермейдi. Өтпелi қоғамдарда оппозиция дамушы, қозғаушы күшке 
жəне маңызды сауықтырушы факторға айналады. Оппозиция саяси үрдiстiң негiзгi 
субъектiлерiнiң бiрi болуына байланысты оның əлеуметтiк құндылығын түсiнбеу 
қоғамның саяси жүйесiн əлсiретуi мүмкiн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет