Оппозициялық партиялар
– өздерінің конституциялық құқықтарын, парламент
мінбесін, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып, белгілі бір қоғамдық пікір тудыру
арқылы билеуші партияға ықпал жасауға тырысатын партиялар. Олар басқарушы партияның
саясатына сын көзбен қарайды.
Ал, Қазақстандағы оппозициялық топтарға келетін болсақ, меніңше кезінде билікте
болып, еш өзгеріс енгізе алмаған саяси субъектілер. Олар халықпен тұрақты байланыс
орнатып отырған жоқ, тек сайлау науқаны кезінде ғана белсенділік танытады. Ал ол
жасандылық сипаты сияқты көрініп, халық арасында қолдау таппайтындығының бір себебі
десекте болады. Саяси билікке анда-санда өткір пікірлерін, қарсылығын танытып
қойғанымен, біздегі оппозиционерлерде жүйелілік жоқ екендігінің көрсеткіші тəрізді.
Бақылау сұрақтары:
1.
Саяси билік тұжырымдамаларына байланысты қандай пікір білдіре аласыз?
2.
Саяси билік ресурстарының маңыздылығына мысалдар келтіріңіз.
3.
Билік деген ұғымға өзіндік анықтама беріп көріңіз.
4.
Билік пен адамгершілік принциптердің ара қатынасына талдау жасаңыз.
5.
Билікті жүзеге асыру формаларын атаңыз?
Пайдаланатын əдебиеттер мен интернет-ресурстар:
1.
Жарқынбаева Р.С. Саясаттану пəнінен дəрістер кешені. Оқу құралы. – Алматы:
ҚазККА, 2014. -268 б.
2. Иманбаев М.Ө. Саясаттану негіздері: Оқу құралы. – Алматы: Жеті Жарғы, 2014. -
336 б.
3. Иманбаева А.А. Саясаттану негіздері: Оқу құралы. – Алматы: «Əлішер» баспасы,
2020. – 189 б.
4. Эндрю Хейвуд. Саясаттану. – Red Globe Press, 2019. 502 б.
5. Интернет-ресурс: https://kk.wikipedia.org
БӨЖ 2. .
«Биліктің қалыптасуының тəсілдері мен көздері» тақырыбына дəлелді эссе жазу.
№3 дəріс
(1 сағат 5 апта)
Тақырып: Саяси элиталар жəне саяси көшбасшылық.
Достарыңызбен бөлісу: |