«логистика жəне көлік академиясы» «Əгп жəне дт» кафедрасы


Саяси жəне мемлекеттік билік. Саяси биліктің легитимділігі жəне оның көздері



Pdf көрінісі
бет21/82
Дата05.06.2023
өлшемі3,62 Mb.
#178253
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   82
Байланысты:
umkd

Саяси жəне мемлекеттік билік. Саяси биліктің легитимділігі жəне оның көздері.
Саяси билік бұл – үлкен əлеуметтік топтар арасындағы қатынастар жағы да, ал мемлекеттік 
билік – бұл арнаулы жəне бөлек аппарат арқылы іске асырылатын билік. Саяси билік – өз 
мақсаттарына жету үшін, зорлық қолданбайды. Есесіне, ықпал етудің идеологиялық, 
экономикалық жəне т.б.əдістерін қолданады. Ал мемлекеттік билік өз мақсаттарына жету 
үшін мəжбүрлік түрлерін қолданады. Ол бүкіл халық үшін міндетті заңдар шығару 
құқығына ие жəне оларды орындату үшін күштеу аппараттарына сүйенеді. Негізінен 
мемлекеттік билік саяси биліктің ерекше бір түрі. Демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз 
ісін атқаруы үшін, əдетте, мемлекеттік билікті 
заң шығарушы, атқарушы жəне сот билігі 
деп 
бөледі. Саясаттануда билік бөлінісінің классикалық теориясын негіздеген ойшыл 
Ш.Л.Монтескье
болды. Ш.Л.Монтескье билікті 3 тармаққа бөліп көрсетті: Заң шығарушы, 
атқарушы жəне сот билігі деп. Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимдігінен 
білінеді. Саяси биліктің басқа да белгілеріне мыналар жатады: а) үстемділігі; саяси билік 
шешімдерінің бүкіл қоғам үшін жəне тиісінше биліктің басқа да түрлеріне де міндеттілігі, 
кез келген қоғамдық процестер ішіне ену қабілеттілігі. Бұл биліктің басқа түрлерінің 
ықпалын оларды ақылға қонымды мөлшерде шектеуі мүмкін немесе оларды тіпті аластайда 
алады. Яғни оның белгілі бір аумақтағы барлық адамдар мен мекемелер үшін шешімдерінің 
міндетті сипаты; б)Жалпылық, яғни көпшілік. Бұл –саяси билік құқық негізінде бүкіл қоғам 
атынан əрекет ете алады деген сөз. в) Мемлекет көлемінде билік жүргізудің күші мен басқа 
да құралдарын қолданудан ашықтық. г) бір орталық, яғни, бірыңғай шешім қабылдауда 
жалпы-мемлекеттік орталығының болуы; д) Билікті жеңіп алу, ұстап тұру жəне жүзеге асыру 



үшін қолданылатын құралдардың жиынтығы. Саяси биліктің негізгі белгілері 
суверенитеттік, ерік, бедел жəне зорлық сияқты болып табылады. 
Саяси билік еркін демократиялық сайлаудың нəтижесінде де, əскери төңкеріс 
нəтижесінде де қалыптаса алады. Алайда оның заңдылығы деген мəселе бар. Заңды түрде –
халық қалауымен орнаса ол биліктің заңдылығын білдіреді, ал еріксіз төңкеріс арқылы 
орнаса – халық мойындамаса ол биліктің ғұмыры қысқа заңсыз. 
Легитимдік
деп – халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның 
заңдылығы мен шешімдерін растауын айтамыз. Саяси билікте бұлармен бірге оның 
принциптері болады. Олар: легитимдік принцип, қорғау принципі, ұтымдылық принципі, 
сыр бермеу принципі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет