«логистика жəне көлік академиясы» «Əгп жəне дт» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет16/82
Дата05.06.2023
өлшемі3,62 Mb.
#178253
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   82
Байланысты:
umkd

1.Теологиялық парадигма 
– ол саясатты, билікті құдайдың құдіретімен түсіндіреді.
 
2.Натуралистік парадигма 
– ол саясатты əлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен, 
географиялық ортамен, биологиялық жəне психологиялық ерекшеліктермен түсіндіреді.
 
Географиялық ортаның
саясатқа ықпал етуін теориялық түрде негіздеген француз 
ойшылы Ж.Боден (1529- 1596) болды. Оның идеясын одан əрі дамытқан Ш.Монтескье 
(1689-1755). Оның ойынша географиялық орта, əсіресе климат халықтың рухын, 
мемлекеттің құрылыс түрін, қоғамдық құрылыстың сыр-сипатын айқындап, саясатында 
шешуші рөл атқарады. Саясатты 
биологиялық
себептермен түсіндірушілер (неміс ғалымы 
П.Майер, австриялық К.Лоренц) саяси процесті адамның туа біткен физиологиялық 
қасиеттерімен байланыстырады. Ал 
психологиялық бағыттың
негізін қалаушылар саяси 



даму процесін адамның психологиялық қасиеттерімен түсіндіреді. Бұл бағыттың негізін 
қалағандар Г.Тард, Г.Лебон, Э.Дюркгейм жəне т.б. 
3.Əлеуметтік парадигма 
– саясаттың 
табиғаты мен пайда болуын əлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді.
4.Тиімді-сыни 
парадигма 
– саясаттың табиғатын оның өз ішіндегі себептермен, қасиеттермен, 
элементтермен түсіндіреді. 
Жанжалдық парадигма
XIX г. пайда болды. Оның негізін 
қалағандар – К.Маркс пен А.Бентли, Земмель жəне т.б. Олар саяси өмірде дау-жанжал, 
шиеленістер шешуші рөл атқарады дейді. Қазір бұл теорияны қолдаушыларға 
Р.Дарендорф, Дж. Бертон жəне т.б. жаұтады. Бірақ олар К.Маркс сияқты саяси дау-
жанжалды тап күресіне, қоғамдық құрылыстың түбегейлі өзгеруіне апармайды, қоғамдағы 
билік қорлары үшін бəсекелестікті, əлеуметтік тапшылықтан туатын мəселелерді шешу 
саяси ағзаның өзін-өзі жетілдіріп, дамуына əкеледі дейді. 
Мəмілеге келу (консенсус) 
парадигмасының
əкілдеріне М.Вебер, Т.Парсонс жатады. Олар саяси əмірдегі дау-жанжал, 
қайшылықтарды жоққа шығармайды. Алайда оларды мəмілеге келуден кейінгі екінші 
орынға қояды. Халықтың арман-аңсарының, негізгі əлеуметтік жəне мəдени 
құндылықтарының, бағдарларының бірлігі адамдар арасында туатын қайшылықтарды 
саналы түрде реттеп, шешуге, қоғамда тұрақтылық пен ынтымақтастықты орнатуға 
көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет