Сондай-ақ ол тежеудің оңтайлы тиімділігін қамтамасыз етеді (минималды тежеу
жолы) және автомобильдің беріктілігін жоғарылатады.
Конструкциясына қарамастан АБС келесі элементтерден тұрады:
■
датчиктер — автомобиль доңғалақтарының
бұрыштық жылдамдығы,
тежеу жетегіндегі қысым (сұйықтық, сығылған ауа), автомобильдің
баяулауы және т.б. туралы ақпарат береді;
■
басқару блогы — датчиктер ақпаратын ӛңдейді
және атқарушы
механизмдерге команда береді;
■
атқарушы механизмдер (қысым модуляторлары) — тежеу жетегіндегі
қысымды тӛмендетеді, жоғарылатады немесе тұрақты күйде ұстап тұрады.
Кӛлік құралдарының экологиялық қауіпсіздігін бензинді және дизель
қозғалтқышты автомобильдерге арналған БҰҰ ЕСК Қағидаларына сәйкес
талаптар реттейді. Қазіргі уақытта Еуропалық
Одақ экология саласындағы
талаптарды бірте-бірте күшейтуде («Евро-4», «Евро-5» нормалары және т. б.).
Бензинді, дизельді және газ қозғалтқыштарын басқарудың электрондық жүйесін,
жоғары энергияны ұшқыннан тұтандыру жүйесін, ЭПХХ басқару жүйесін және
басқа жүйелерді қолданусыз аталған талаптарды орындау мүмкін емес. Осындай
күрделі электрондық жүйелерді техникалық пайдалану мүмкіндігі ISO
халықаралық стандартқа сай келетін кіріктірілген диагностикалық қосқыштар
мен интерфейстердің болуына тәуелді.
Жарық техникасы
Жарықтандыру жүйесі нашар кӛрінетін жағдайларда (түнде, тұманда және
т.с.с.) автомобиль жұмысын қамтамасыз етеді. Ол
сыртқы және ішкі
жарықтандырудан тұрады. Жарықтандыру жүйесіне фаралар, алдыңғы және
артқы фонарьлар, нӛмірлік белгіні
жарықтандыру фонарьлары, салонды
жарықтандыру плафондары, аспаптар құрамдастарын
және қозғалтқыш
бӛлімшелерін жарықтандыру шамдары, сақтандырғыш және ажыратқыштар
кіреді.
Фаралар
жолдары нашар кӛрінген жағдайда
автомобиль жолына жарық
түсіреді. Автомобильдерде жарықтандырудың екіфаралы жүйесі қолданылады.
Дәстүрлі типті классикалық фара — дӛңгелек. Фаралар қаңқасында оптикалық
элемент серіппесімен ұстағыш орнатылған. Шағылдырғыш,
шашыратқыш,
шамдар және экраннан тұратын фаралардың оптикалық элементі бұрандалар
кӛмегімен қапсырмалы ұстағышқа бекітіледі. Фаралар шамы — екіталшықты,
қуаты алыс жарыққа 45 Вт және таяу жарыққа 40 Вт.
Шамның алдында
орнатылған экран шам талшықтарынан тікелей сәулені кідіртеді және таяу
жарықтың айқын жоғарғы шекарасын туғызады. Бұл автомобиль алдындағы
Достарыңызбен бөлісу: