Сакенова Р. Е., Батырбай Ә. Т., Жапарова М. С., Ботабаева Г. Б., Сакпанов Е. М



Pdf көрінісі
бет3/68
Дата19.06.2023
өлшемі2,44 Mb.
#178977
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
2914351229724 Сакенова, Батырбай К ПЕЧАТИ

1. Механика 
 
Механика-физиканың қозғалысты зерттейтін бӛлігі. Макраскопиялық 
денелердің 
қозғалысы 
классикалық 
механиканың 
заңдарына, 
ал 
микроскопиялық денелердің қозғалысы кванттық механиканың заңдарына 
бағынады.
Механиканың негізгі мәселесі – тек қана «дененің орнын кез-келген
уақыт мезетінде анықтауға келіп тірелмейді. Бұл механиканың қолданбалы
мәселелерінің бір дербес қана жағдайы». «И.Ньютонның қайтыс болғанына
200 жыл» деген еңбегінде А.Эйнштейн былай деп жазды: «Егер
материялық нүктеге әсер ететін күш белгілі болса, онда... оның
жылдамдығын және кез келген уақыт кезеңіндегі орнын табу физикалық
емес, таза математикалық мәселе болып саналады». Механика табиғатта
және техникада болып жатқан механикалық құбылыстарды, оның ішінде
ең алдымен , механикалық ӛзара әсерді және денелердің қозғалысын
зерттейді. 
Механика ғылымы – макроскопиялық денелердің қозғалысы мен ӛзара
әсерлесуін зерттейтін ғылым. Механика гректің mechanike деген сӛзінен
шыққан. Бұл машиналар жайындағы, оларды құрастыру ӛнері жайындағы
ғылым дегенді білдіреді. 
Қазігі кезде қарапайым механизмдер деп аталып жүрген алғашқы
қарапайым машиналар – рычаг, сына, дӛңгелек, кӛлбеу жазықтық және тағы
басқалар ӛте ерте заманда пайда болған. Адамның алғашқы қаруы таяқтың
ӛзі – рычаг. Тас балта – рычаг пен сынаның үйлесімінен тұрады. Дӛңгелек
қола дәуірінде пайда болған, ал одан сәл кейінірек, кӛлбеу жазықтық
пайдаланыла бастады. 
Тіпті б.э.д. Ү ғасырдың ӛзінде-ақ афин әскерлері (Пелопоннес
соғысы) қорғанды қиратқыш машиналар – таранды, лақтыру құралдары - 
баллист пен катапульттарды қолданған. Бӛген, пирамида, кеме және басқа



құрылыстар салу, бір жағынан, механикалық құбылыстар туралы білім
қорын жинақтауға себін тигізсе, екінші жағынан жаңа білімді қажет етті.
Міне, осы жаңа практикалық қажеттілікке жауап ертінде жаңа білім – 
механика дүниеге келді. 
Қарапайым машиналардың құрылысы мен қасиеттерін баяндайтын
механика туралы жазылған алғашқы шығармалар – трактаттар Ежелгі
Грекия ғалымдарына тиесілі. Олардың қатарында Аристотельдің (б.э.д. ІҮ 
ғасырда) «Физика» деп аталатын еңбегі жатады, мұнда алғаш рет ғылымға
«механика» термині енгізілді. Аристотель бұл еңбегінде механикалық
құбылыстар жӛніндегі ӛзіне дейінгі ғалымдардың еңбектерін бір жүйеге
келтірді. 
Б.э.д. ІІІ ғасырда ежелгі грек ғалымы Архимед механикалық
құбылыстарды талдау және сипаттау үшін алғаш рет математиканы
пайдаланды. Архимед рычагтың тепе-теңдігі мен денелердің жүзу заңдарын
тұжырымдады. Осы кезден бастап механика ғылым ретінде дами бастады. 
Механиканың дамуындағы жаңа бір кезең Г.Галилейдің инерция
заңын тұжырымдап, дененің құлап түсуі және маятник тербелісінің
заңдарын тағайындаған еңбегімен тікелей байланысты. 
Галилей және онымен замандас ғалымдардың еңбектерінде, сондай-ақ
ӛз зерттеулерінің нәтижелеріне сүйене отырып, ағылшын ғалымы
И.Ньютон денелердің механикалық қозғалысы мен ӛзара әсерлесуі
жайында классикалық механика деп аталатын біртұтас ілімді құрды. 
Механика туралы ілім ең алдымен бізді қоршаған дүниені танып білу
үшін қажет, олай дейтініміз, кез келген құбылыс қозғалыспен тікелей
байланысты. Шын мәнінде механика білімінсіз табиғатта болып жатқан
құбылыстарды ұғыну тіпті де мүмкін емес. 
Кӛптеген техникалық обьектілердің (мейлі шаңсорғыш болсын,
немесе ғарышкеме болсын және т.с.с.) құрылысын және жұмыс



принциптерін түсіну үшін, оларды ойлап табу үшін, дұрыс және тиімді
пайдалану үшін механика білімі қажет. 
Сонымен қатар, механика білімінің қажеттілігі сонда, ол ғылым
ретінде физиканың басқа салаларынан және басқа ғылымдардан бұрын
пайда болды, оның құбылыстарды оқып-үйрену әдістері, негізгі ұғымдары
физиканың басқа салаларында және физикаға жақын ғылымдарда
(астрономия, электро – және радио – техника, космонавтикада және
басқаларда) пайдаланылады. Механика – физиканың және кӛптеген басқа
ғылымдардың іргетасы десек, артық айтқандық емес. Осы айтылғандардан
механика білімінің кез келген мамандық иесіне қажет екенін кӛреміз. [1] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет