Сакенова Р. Е., Батырбай Ә. Т., Жапарова М. С., Ботабаева Г. Б., Сакпанов Е. М



Pdf көрінісі
бет5/68
Дата19.06.2023
өлшемі2,44 Mb.
#178977
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
2914351229724 Сакенова, Батырбай К ПЕЧАТИ

Ілгерiлемелi қозғалыс. 
Дене оның кез-келген екi нүктесiн қосатын түзу 
сызық орын ауыстыра келiп, ӛзiнiң бастапқы бағытына параллель болып 
қалатындай қозғалуы мүмкiн. Қатты дененiң осындай қозғалысын 
iлгерiлемелi 
қозғалыс
деп атайды. Ілгерiлемелi қозғалыс кезiнде дененiң барлық нүктелерi 
бiрдей траектория сызады және бiрдей уақыт iшiнде бiрдей орын ауыстырады.
Дене кез-келген бiрдей уақыт аралығында бiрдей қашықтық ӛтетiн болса, 
ондай қозғалысты 
бiр қалыпты қозғалыс
деп атайды. 
Қозғалыс жылдамдығы 



Қозғалыстың екпiндiлiгiн, шапшаңдығын және бағытын анықтайтын 
физикалық векторлық шаманы 
жылдамдық
деп атайды. Ӛлшем бірлігі
 
Жылдамдықтың бағыты орын ауыстырудың бағытына сәйкес келедi. Ал 
қисық сызықты қозғалыс кезiнде жылдамдықтың бағытû траекторияға жанама 
бойымен бағытталады. 
Түзу сызықты бiр қалыпты қозғалыстағы орын ауыстыру формуласы:

Дененiң белгiлi уақыт аралығында жасаған орын ауыстыруының уақытқа 
қатынасын орташа жылдамдық деп атайды.
Дәл сол уақыт мезетiндегi, кеңiстiктiң сол нүктесiндегi дененiң 
жылдамдығын лездiк жылдамдық деп атайды. 
мұндағы:
- яғни, лездiк жылдамдық радиус вектордан уақыт 
бойынша алынған бiрiншi туындысына тең болады. 


10 
1.1.1 Қозғалыс туралы үғым. Бiр қалыпты айнымалы қозғалыс 
 
Кез-келген бiрдей уақыт аралығында қозғалыс жылдамдығы сәйкес 
бiрдей шамаға ӛзгерiп отыратын қозғалысты 
бiр қалыпты айнымалы қозғалыс 
деп атайды. 
Егер жылдамдық бiрдей шамаға артатын болса, онда қозғалысты 
бiр 
қалыпты үдемелi
деп, ал егер жылдамдық бiрдей шамаға кемитiн болса, онда 
қозғалысты 
бiр қалыпты кемiмелi
деп атайды. Олай болса, бiр қалыпты 
айнымалы қозғалыстар бiр-бiрiнен жылдамдықтың ӛзгеру шапшаңдығына 
қарай ажыратылады. Қозғалыстың осы қасиетiн сипаттау үшiн физикалық 
векторлық шама 
үдеу 
енгiзiлген. 
Үдеу 
қозғалыс жылдамдығының ӛзгеруiнiң осы ӛзгерiс болып ӛткен 
уақытқа қатынасымен ӛлшенедi.Ӛлшем бірлігі 

Үдеудiң бағыты жылдамдықтың ӛзгерiсiнiң бағытына сәйкес келедi, 
сондықтан үдеу векторлық шама. 
Үдеу жылдамдықтың уақыт бойынша бiрiншi туындысына немесе радиус 
вектордың уақыт бойынша екiншi туындысына тең болады. 

Бiр қалыпты айнымалы қозғалыстың лездiк жылдамдығы 

ал қозғалыс теңдеуi

Жазық қозғалыс кезiнде дененiң үдеуiн нормаль және тангенциал деп 
аталатын екi құраушыға жiктейдi. 


11 

Толық үдеудiң модулi:

Жылдамдықтың модулi бойынша ӛзгеру шапшаңдығын сипаттайтын үдеу 
құраушысын 
тангенциал немесе жанама үдеу
деп атайды. 

Тангенциал үдеу траекторияға жанама бойымен бағытталады.
Дененiң жылдамдығының бағытының ӛзгеру шапшаңдығын сипаттайтын 
үдеудi 
нормаль үдеу
деп атайды. 

Жазық қозғалыс кезiндегi дененiң толық үдеуiнiң модулi: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет