Сакенова Р. Е., Батырбай Ә. Т., Жапарова М. С., Ботабаева Г. Б., Сакпанов Е. М



Pdf көрінісі
бет30/68
Дата19.06.2023
өлшемі2,44 Mb.
#178977
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   68
Байланысты:
2914351229724 Сакенова, Батырбай К ПЕЧАТИ

 
2.9 Термодинамиканың екінші заңы 
Термодинамиканың екінші заңы табиғаттағы процестердің жүру бағытын 
кӛрсетеді. 
Ӛзін қоршаған кеңістікте ешқандай қалдық ӛзгерістер болмайтындай 
түрде жүретін термодинамикалық процесті қайтымды процесс деп атайды. 
Қайтымды процесс кезінде термодинамикалық жүйе бастапқы күйіне қайта 
келеді. 
Сыртқы ортада ӛзгерістер қалатындай түрде жүретін процесті қайтымсыз 
процесс деп атайды. Қайтымсыз процесс кезінде жүйе бұрынғы күйіне қайтып 
келмейді. Үйкеліс, кедергі күштерімен жүретін процестер қайтымсыз процесс 
болып табылады. 
Жылу алмасу кезінде жүретін процесс қайтымсыз процесс болып 
табылады. 
Тұйық процестер
Термодинамикалық жүйе бастапқы күйіне қайтып келетіндей түрде 
жүретін термодинамикалық процестердің жиынтығын тұйық процесс немесе 
цикл деп атайды. 
Тұйық процестер немесе циклдер барлық жылу машиналарының жұмыс 
істеу принципінің негізі болып табылады. Заттардың ішкі энергиясын 


82 
энергияның кез келген түріне айналдыратын механизмдерді жылу машиналары 
деп атайды. Жылу машиналарына іштен жану двигательдері, пар немесе газ 
турбиналары, салқындатқыштар және т.б. қондырғылар жатады. 
Тұйық процеске қатысатын денені жұмыс денесі деп атайды. Кӛп 
жағдайда жұмыс денесі газ болып табылады. 
Суретте кӛрсетілген тұйық процесте 
Карно циклі 
Негізінен жылу машиналары Карно циклімен жұмыс атқарады. Карно 
циклі 2 изотермадан және 2 адиабатадан тұрады.
1) 1 – 2 – изотермиялық ұлғаю. 
2) 2 – 3 – адиабаталық ұлғаю. 
3) 3 – 4 – изотермиялық сығылу. 
4) 4 – 1 – адиабаталық сығылу. 


83 
Карно циклімен жұмыс кез-келген жұмыс машинасы температурасы Т
1
қыздырғыштан (1), жұмыс денесінен (3) және температурасы Т
2
салқындатқыштан (2) тұрады (сурет). 
Бір циклде жұмыс денесі қыздырғыштан Q
1
жылу мӛлшерін алады, 
салқындатқышқа Q
2
жылу мӛлшері береді және сыртқы денелермен А жұмыс 
атқарады. 

Кез-келген қондырғының тиімділігі - пайдалы әсер коэффициентімен 
анықталады. 

Жылу машинасының пайдалы әсер коэффициенті бір цикл кезінде 
атқарылған пайдалы жұмысының қыздырғыштан алынған жылу мӛлшеріне 
қатынасына тең болады. 
Энтропия 
Термодинамикалық жүйенің күйін анықтайтын шаманың бірі энтропия 
болып 
табылады. 
Энтропия 
зат 
молекулаларының 
қозғалысының 
тәртіпсіздігінің мӛлшері болып табылады. Ӛлшем бірлігі 
мұндағы: - күй ықтималдығы. 


84 

Қайтымды тұйық процесте энтропиялық ӛзгерісі нольге тең. 
Кез-келген жылу машинаның пайдалы әсер коэффициенті идеал жылу 
машинаның пайдалы әсер коэффициентінен үлкен болмайды. 
Идеал жылу машинаның пайдалы әсер коэффициенті 
Идеал жылу машинаның пайдалы әсер коэффициенті тек қыздырғыш пен 
салқындатқыштың температурасына тәуелді. 
Термодинамиканың екінші заңы: 
1. 
Сыртқы ортада ешқандай ӛзгеріс болмаған жағдайда ешқашан салқын 
денеден ыстық денеге жылу берілмейді. 
2. Дененің ішкі энергиясының есебінен шексіз жұмыс атқару мүмкін емес 

3. Кез-келген процестерде жүйенің энтропиясы кемімейді. 
Термодинамиканың үшінші заңы (Нернст теоремасы) 

Абсолют нольде термодинамикалық жүйенің энтропиясы нольге тең 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет