32
II I
Б
ӨЛ
ІМ
3. Оқыңыз.
Бұқаралық
ақпарат құралдары
«Бұқаралық ақпарат құралдары –
ақпараттар, танымдық мәліметтер және
бос сөздер жиынтығы»,- дейді заңгер
Д. Яндел.
Сіз Д. Янделдің
пікірімен келісесіз
бе? Қазір көпшілігіміз
теледидардан
немесе
газет-журналдардан көрген
бейнелер мен мәліметтерге тәуелдіміз.
Ол ақпараттардың кейбіреуі «керемет
жаңалық» та, ал кейбіреуі «жай бос сөз».
Біз сізге «бірінші» және «ең жақсы»
бұқаралық ақпарат құралдары туралы
мәлімет береміз.
№1 теледидар бағдарламасы:
Үлкен
аға «Big brother» телешоуы. Бұл телешоу
ең бірінші Голландияда 1999 жылы
көрсетілген. Содан кейін әлемнің 20-ға
жуық мемлекетінде көрсетіле бастаған.
№2 кинофильм өндірісі:
Үндістан
кино-студиясы (лақап аты «Болливуд»).
Бір жылда бұл мемлекетте 1000-нан аса
фильм түсіріледі.
№3 ақпарат іздеудің жолы / әдісі:
Google. Күн сайын Google арқылы 182
тілде 250
миллионнан астам адам
ақпарат іздеп табады екен.
№4 Әлемге танымал фильм –
«Азамат Кэйн» (Citizen Kane). Фильмнің
режиссері – Орсон Уэллес. Фильм 1941
жылы түсірілген. Газет баспасының иесі
туралы фильм.
№ 5 Әлемге танымал танымдық
бағдарлама
«Кімнің миллионер болғысы
келеді?». Бұл бағдарлама алғаш рет
Ұлыбританияда 1998 жылы көрсетілген.
Қазір
әлемнің барлық елдерінде
қолданылады.
№6 Теледидарды ең көп көретін
мемлекет
– Америка Құрама Штаттары.
Мұнда 1000 адамға 805 теледидардан
тиеді. Жасы алпыс бестен асқан адамдар
тоғыз жыл өмірін теледидар көрумен
өткізеді екен.
№7 Ең көп сатылатын газет
– Yomiuri
Shimbun.
Бұл газеттің Жапонияда бір
күнде миллион данасы сатылады.