Үлықбек оны нағыз дос деп санап, одан құпия сырын да жасырмады. Әлі
Қүсшы бар ғұмырын ғылым жолына арнады. Ол, шын мәнінде, нағыз ғалым
еді.
Обсерваторияның жер болып кеткен сұлбасын 1908 жылы археолог В. Л.
Вяткин тапты. Үлықбек обсерваториясының орны Шопан ата деген адыр-
дын, оңтүстігінде, Самарқаннан торт шақырымдай жерде.
Бабыр мен Абд-ар-Раззакты ң мәліметтеріне ж үгінсек, обсерватория
тендесі жоқ ғаламат ғимарат саналады. Онда аспанды зерттеп, жұлдыздарды
санап, олардың радиусының әрбір градусын, тіпті секундтарының титімдей
бөлігіне дейін өлшейтін тоғыз керемет мұнара көк тіреп, үздіксіз айналып,
жеті қат планеталарды, жер шарының түкпір-түкпірінің ауа-райын тау.
өзен, мұхитгарын, шөл далаларын шолып, бақылайтын болған.
78
Асанбай АСКАРОВ
Үлықбектің үлкен кітапханасы да болғанға ұқсайды.
Ү лы қбектің негізгі ғылыми еңбегі — “Зи дж -и-Г ур аган и ” яғни
“К өрегеннің жаңа астрономиялық таблицаларының” құрастырылып бітуі
1437 жылдың басы деген жорамал да бар. Төрт бөлім нен тұратын бұл
еңбекте уақытты есептеу мен күнтізбек жүйесі, астрономиялық есептеулер
мен бақылау әдістемелері, күн мен планеталардың қозғалыстары зерттел-
ген.
Тарихи мәліметтерде келтірілгендей, аса қүнды осы еңбекпен өмірінің
соңғы жылдарына (1449 ж.) дейін айналысқан.
Үлықбек қайтыс болған соң обсерватория өз жұмысын тоқтатқан. Ал,
оның сенімді көмекшісі, көрнекті ғалым Әлі Құсшы Самарқаннан кетуге
мәжбүр болады. Ол атына сай қүс бегі екен. Содан Құсшы атанып кеткен.
Үлықбек те саятшылық құрған. Үлыкбек сейілге шыққанда лашынды ұстап
жүретін де Құсшы екен. Дәулетшахтың айтуынша, Үлықбектің есте ұстау
Достарыңызбен бөлісу: |