Д есек те, амал не, соңғы ғасырдың жүзінде бұл мекендерде бүғалықтаған бодандық тәртіп пен ұлы державалык идеология үстемдігі орнап, мақтан етер ерен түлғаларымыздың тұтастай үлкен тобын жадымыздан шығарып, үлттык сана-сезімімізді улады. Міне, осы айтулы еңбекте сол елеусіз қалған есіл ерлеріміз еске алынып.
Үлы Тұранның Ү лдары 5 олардың тарихтағы сіңірген еңбектері екшеліп, бүгінгі ұрпаққа қайта үсы- нылады. Кітаптың қысқа әрі нұсқа суреттемелерінде тарихи Тұран топырағында мындаған жылдар бойында өркениет гүлденіп, алып мемлекеттер орнағаны, онда орасан зор рухани мүра қалдырған данышпан ойшылдар өмір сүргені сонылықпен сипатталады. Асанбай Аскаров Тұран— Түркістанның тұрпатты ірі кайраткерлерінің тағдырын тарих болмысымен бірге бейнелеп, олардың тарихтағы лайықты өз орнын анықтап, талдап көрсетеді. Бәлкім, содан болар оның бүл туынды- сын туған жер мен оның тарлан перзенттерінің тағдыры туралы ой-толғау ретінде толғана оқисың! Автор өзінің алған тақырыбын зерделі оймен шолып, ғылыми ізденісін сенім м ен топшылап, тарихи процесстердің дамуын ж үйелілікпен дәйектейді. Әдетте ұлы адамдардың өнегелі өмірі мен кыруар қызметі қашанда ұлы Отанының тіршілігімен тұтасып жатады. Заманалар көші озып, кейбір саяси жүйелер келмеске кетеді, бірақ та ұлы адамдар мен елдің тұтастығы, бірлігі ажырамайды. Ол — жер бетіндегі мәңгілік әрі өзгермес ақыл-ой жаратылы- сының бұлжымас заңы. Кітапты зер сала оқи отырып, еріксіз терең ойға батып, қайран қаласың! Қараңызшы, сонау VI-VII ғ.ғ. өмір сүрген қаған Күлтегін мен XX ғ. есімін ел енді ғана есіне алған Мұстафа Шоқай екеуі ұқсас, екеуі де ел қамын же-