жоғалтқанымыз көп болды. Соның бірі - өз халкымыздың тарихы. Шүкір,
қазір тәуелсіздікке қолымыз жетіп, төл тарихымызды түгендеп, қалпына
Үлы Тұранның Ү лдары
7
келтіруге кірістік. Кітапқа бұрын да оқырмандарға есімдері белгілі көптеген
дарабоз тұлғалармен қатар бізге әлі беймәлім бабаларымыздың ісі мен
өмірінен мәліметтер енгізілді. Болашақта оны кең көлемде зерттеу қажет.
Бүгінгі Тұранның немесе Түркістанның тұрағы бұрынғы Кеңес Одағының
Орталық Азия мемлекеттерінің аймақтарына толық сай келмейді. Шығыс —
Т үр к істан — Қытай халық республикасы ны ң, О ңтүстік Т үр к істан —
Ауғанстанның, ал Оңтүстік батыс бөлігі Ресейдің құрамында қалды. Бүтіндей
алғанда, Түранның 5. 592. 000. шаршы шақырым өлкені орап жатқаны мәлім.
Осы орасан зор кең-байтақ өлкенің де табиғи байлықтары да ұшан-теңіз.
Түран әрқайсымыздың жүрегімізге ыстық. Амандық болса, жоғарыда біз
сөз еткен әруақтары риза болғыр ата-бабаларымыздың ісі мен өнегесін, ізгілік
мұратын жалғастырар ірі түлғалар келешекте тағы да дүниеге келетіні хақ.
М ен болаш аққа үлкен үм ітпен қараймын. Ө й тк ен і, к ел еш ек
ұрпақтарымыз бізден де келелі ойға кенелетін парасатты болады деп кәміл
сенемін.
К ітапты ң беташ арын ерте зам анны ң ұлы тарихшысы П лутархты ң
қағидасымен аяқтаймын.
“Тарихқа, дәл айнаға үңілгендей қарасам, өзім баян ететін ерлердің
ерлігіндей өз өмірімді де соларға еліктеп, жақсылық жолына қарай өзгерткім
келеді. Бұның бәрі бізді олармен үнемі табыстырып, жақындастыра түсетін
сияқты. Тарихтың осы құдіретінің арқасында біз тап сол үлы адамдарды өз
үйімізде құтты қонағымыздай қабылдап, олардың кім екенін, өмірдің мәні
не екенін ұғып, білеміз”
|