жауығып отырған отырықшы мемлекеттердің де нысанасына айналды. Тұранның шекарасы: солтүстікте — әйгілі Торғай қыраты, Ертіс, Омбы, То- был болса, шығыста— Алтай таулары, оңтүстікте— Тянь-Ш янь, Памир, Алай тауларынан Гиндикуш, Копедагқа дейін, ал батыста - Каспий теңізінің солтүстік бөлігіне (Еділдің төменгі ағысын Ахтубе тегісі мен Аст- раханьды қоса алғанда) дейін созылып жатты. Қ азір бұл атырапта Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан мемлекеттері мен Ауған- станның солтүстік бөлігі орналасқан. Ал, Шығыс Түркістан Қытай мемлекетіне қарайды. Ежелгі дәуірде, Иса пайғамбар дүниеге келгенге дейінгі уақытта бұл жер- де скифтер, сақтар, түріктер өмір сүріп, өсіп-өркендеген. Н егізінен, мал шаруашылығымен айналысқан көш пенді тайпалар тұрған. Олар бүгінгі казақтардың, өзбектердің, қырғыздардың, түрікмендер мен түріктердің ата- бабалары еді. Қазіргідей ұлт болып қалыптасқанға дейін арада мыңдаған жылдар өтті. Бұл халықтардың тарихи даму жолы өте күрделі, ауыр да азап- ты, кей тұстарда тіпті қайғылы, қасіретті жол болды. “Түбі бір туысқан халықпыз” дейтініміз де сондықтан. Бұл сөздің астарында тарихи ақиқат жатыр. Түркі тілдес халықтардың тілі ұқсас, мәдени қарым-қатынастары- ның берік болуы да сол — түп-тамырымыздың бір екендігіне байланысты. Біз Байкалдан Дунайға дейін созылған ұлы далада билік құрған каһарман бабаларымыздың ұрпақтарымыз. Әрине, мінез-құлық та, психология да, жеке тұлға да географиялық ортаға сай қалыптасады. Даланың қатал өмірі ерік-ж ігері күшті, неден де болса қаймықпайтын, қажырлы тұлғаларды қалыптастырады. Өйткені дала ежелден-ақ қатал, кей тұстарда тіпті қаты- гез, кез-келгенге құшағын аша қоймайтын салқын мінезді болатын. Жазда ми қайнатар аптап ыстық, ал қыста қақаған боран мен сақылдаған сары аяз