өркениеті жоғары, қуатты мемлекеттердің қоршауында отырғанын жақсы түсінді. Олар: шығыста Чин (Қытай) империясы, Батыста Византия, орта шығыста Иран еді. Эрине, жас мемлекет іргесін нығайтпаса, одан әрі өмір сүру-сүрм еуі неғайбыл болатын. М әселе тек шекараны кеңейтуде ем ес, бәрінен бүрын түркі одағына кіргендердің бірлігін нығайтуда, сөйтіп, ел экономикасының берік негізін жасап, уақыт сынына төтеп бере алатындай дәреж еге көтеруде-түғын. Қытайдың жазба деректеріне Караганда, Істеми қағанның әскері 100 000 сарбазға жеткен көрінеді. Шын мәнінде бұл оның “Баһадүр-Жабағы” деген атағына сай келеді. Өзінің жер қайысқан қалың нөпір әскерлерінің арқасында түркілер 555 жылы Батыс теңізіне, яки Арал тең ізін е жетті. Үлы Ф ирдоуси сол кездегі Істеми қағанның иелігіндегі жердің шекарасын былай деп анықтап көрсетеді: “Чиннан (Қытай) Ж ейхун- ның (Әмудария) жағасына дейін ж әне Гулзарунға (Сырдария) шейін ж әне Шаштың (Тәшкент) арғы бетіне дейінгі аралықты алып жатты” Сөйтіп, не- бары бір жарым жылдың іш інде түркілер бүкіл Орталық Қазақстанды, Ж етісуды ж ән е Хорезмді өзін е бағындырды. 558 жылы түркілер Еділге жетті. Олар Еділден өткен жоқ, Орал даласын өз иеліктеріне алғандарын қанағат түтты (бұл бүгінгі Орынбор, Челябі облыстарының жері). Соғдиана мен Бұқара елі де эфталиттердің қолында еді. Олармен айқасқа түсетін күн әлі алда болатын. Бүкіл Азия даласын иеленген түріктердің бірегей қағана- тының (Түран) пайда болуы Қытайдың, Византияның ж ән е Иранның дипломатиялық қарым-қатынастарына кең өріс ашты. Бұрын олар жан- жақта бытырап жатқан князьдіктермен ж ән е олардың тайпалык көсемдерімен келісім жүргізіп отырған болса, енді ұлан ғайыр далаға кожа- лык етіп отырған біртұтас империямен байланыс жасауға көшті.