Асанбаи асқаров үлы түраннын үлдары «НҮрлы әлем»


керек деген м әселеге де оны араластырмады. Ал әділеттікке ж үгін сек



Pdf көрінісі
бет106/299
Дата19.08.2023
өлшемі27,11 Mb.
#179883
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   299
Байланысты:
ҰЛЫ ТҰРАННЫҢ ҰЛДАРЫ

керек деген м әселеге де оны араластырмады. Ал әділеттікке ж үгін сек ,
үлкен ұлы болғандыктан жол сонікі екені айдан анык емес пе еді? Бірак


Ұлы Тұранның Ү лдары
79
анасы Гауһар шад Байсұңқардың ұлы Ала-ад Даулды жактайды. Дегенмен,
ол ойын ашып айтпайды. Ал Шаһрух болса, өзі жұрттың бәрінен жасырып,
Гераттың хан тағына өз ұлы Мұхамед Жүниді дайындап жүреді. Бірақ билік
өз қолында тұрған Гауһар шад оны тіпті диуан істеріне де жолатпайтын.
Ондай істерге тек Ала-ад Даул мен Ә бд-әл Ләтіп қана араласатын. 1444
жылы Ш аһрух ауыр науқасқа шалдығып, бірақ көп кеш ікпей сауығып,
аман-сау үзақ өмір сүрді.
Шаһрух өлген соң тағы да билікке талас өршіп кетті. Әсіресе, Үлықбек
пен оның ұлы бір-біріне қатты өшікті. Тіпті, адуынды Әбді әл-Ләтіп әкесіне
қарсы сотые жариялады. Осы ұрыста сойқан ұлы жеңіп, оған Үлықбектің
кереағар ой-пікірдегі дұшпандары да қуанды. Олар да қарсы шықты. Шара-
сы таусылған Үлықбек билікті ұлының қолына тапсыруға мәжбүр болды.
Бабыр бабамыз айтқандай, “өмірдің жалған қызығына, рахатына елігіп,
өзінің туған әкесіне қол жүмсады. Жақсылық жасаған болып, Үлықбекті
қажылыққа барып кел деп Меккеге аттандырды. Жолай бір ауылға тоқтап,
бір кедейдің үйінде ет астырып, қонақта отырған еді. Артынан шабарманы
мен жіберген жендеті жетіп, Үлықбекті аулаға шығарып, аяқ-қолын байлап
матап, қайқы қылышпен басын шауып түсіреді. Оған мына:
Үлықбек ақыл-ойдың теңізі еді,
Ғылымға әр айтқаны негіз еді.
Тарихқа баскесер деп ат қалдырып,
Өлтірген оны Аббас дегізеді, - деген тарихи жазбадағы өлең куә
екенін Бабыр өз шығармасына өзек еткен. Міне, Тұранның ұлы тұлғасы-
ның өмір жолының ақыры осылай үзілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   299




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет