Асанбаи асқаров үлы түраннын үлдары «НҮрлы әлем»



Pdf көрінісі
бет114/299
Дата19.08.2023
өлшемі27,11 Mb.
#179883
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   299
Байланысты:
ҰЛЫ ТҰРАННЫҢ ҰЛДАРЫ

өз орнын алды.
Әбілхайырдың дәуірі мен оның ұрпақтары билеген кезендердегі нақтылы
да қызықты деректер Әбілғазы, Бабыр, Бартольдтың еңбектерінде егжей-
тегжейлі жазылған. Кейбір еуропалық ғалымдар Шейбани әулетінің билігі
Мауереннахрдан әрі асқан жоқ дегенді жиі айтуға құмар. Дегенмен, Ш ей­
бани әулеті Х орезмді, алқайын жұрттары Астраханды ұзақ жыл билеп
төстеді. Әбілхайырдың М ауераннахрды түгел билеу арманын оның
немересі Мухаммед Ш ейбани орындады. Мухаммед тек Мауераннахрды
ғана өзін е бағындырып қойған жоқ, сонымен бірге Ш ейбани әулетінің
билеуші дәстүрінің берік негізін қалады. Темір әулетінен соң маңызы бар
зор оқиға осы болды. Шейбани әулеті биліктің тізгінін ұзақ ұстап тұрды.
ЖӘНІБЕК ПЕН КЕРЕЙ
1468-1470 жылдар Әбілхайыр билігінің құлдырап, қазақ хандарының ша-
ңырақ көтерген кезі еді. Демек, бул — қазақ мемлекетінің іргетасы қаланған
уақыты. Әрине, бұған қарап, оған дейін біздің атамекенімізде мемлекеттік
бірлестіктер болмаған деген ұғым тумауы керек. Ежелгі Ғұн, Үйсін, Қаңлы
мемлекеттері біздің дәуірімізден де бұрын I мыңжылдықтар аяғы мен б.д. 1-
мыңжылдықтағы көне замандарда өмір сүргені мәлім. Бірақ ол тайпалар
жан-жақтан анталаған жауға төтеп бере алмады. Әйтсе де, олар біршама


86
Асанбай АСҢАРОВ
мол мемлекеттік тәж ірибе жинақтаған-ды. Осылай бір-бірім ен алмасқан
мемлекеттік даму үрдісі Қазақстан жерінде де үзілген емес.
XV ғ. Орта тұсынан бастап Әбілхайыр басқаруындағы мемлекетте саяси
түрақсыздық белен, ала бастады. Әбілхайыр көрші Мауереннахр мен М о-
ғолстанды кол астына қаратып алу орнына өз ішіндегі саяси дүрбелеңді
басуға әрекеттенді. Хандығым тарап кете ме деп қатты мазасызданды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   299




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет