Әбілхайыр білімдар адам еді. Оның көз кұрты Мауераннахрда болып, кайта-қайта жорық жасаса да сәті түспей, жеңіліске ұшырай берді. Оның үстіне Иран мәдениетін жақтап, Парсы м әдениетінің бағытын үстады. Мұның бәрі жергілікті түрғындардың наразылығын туғызды. Айналасында- ғылардың да Әбілхайырға деген реніш і тереңдей түсті. Д әл сол кезде Ж әнібек пен Керей де Әбілхайырға қарсы өшікті. Ақырында Ж әнібек пен Керей Әбілхайырдан бөлініп, 200.000 адамды бастап кетіп қалды. Олардың алдын кесіп, токтатуға Әбілхайырдың шамасы жететін еді, бірак ол оны істемеді, өйткені алдарында Мауереннахр op боп түрды. Ж әнібек пен Керей Моғолстан жанынан еншіге жер бөлуді өтінді. Есенбұға хан оларды жылы мейіріммен қабылдап, өтініштерін орындады. Өйткені, оған да қол созым жерде тұрған Әбілхайыр империясының әлсіреп тұралап қалғаны керек еді. Сондықтан Есенбұға қазақтарға Талас пен Шу арасындағы даланы жайлап жатуға ерік беріп қойды. Содан кейін бірте- бірте Әбілхайырдың қол астындағы өзбек-қазақтар, сон дай -ак Моғолстандағы қазақтардың бір бөлігі Керей ханға келіп қосылды. Ж әнібек пен К ерей хандығы қарамағындағы ұлыстардың түгелге дерлігі Әбілкайырдың билігіндегі ж әне Моғолстанды мекендеген тайпалардың тілі де түбі бір халықтар. Осылайша географиялық жағы мен мәдениеті жақын, тілі бір туыс халықтар бірігіп, жаңа қазақ хандығын қүрып, мемлекетінің іргетасын қалады. Бұл болашақта жер асты қазба байлығы үш ан-теңіз, ұшы-қиыры жоқ алып мемлекет атанатын елдің саяси-экономикалық жағы- нан нығайып, өркендеуінің алғашкы қадамы еді. М іне, содан бері қазақ мемлекеті қаншама ғасырлар бел есін ен өтті.