1514 жылы ж ездесі Алашханның ұлы екеуі Қашқарияға кетіп, онда 19
жыл жүреді. Сайд хан оны өз баласынан кем көрмей тәрбиелеп, оқып білім
алуына көмектеседі.
Мухаммед Хайдар өзінің ер кайратын да танытып, көптеген жорықтарға
қатынасады. Парасаттылық пайымымен уәзір (министр) дәр еж есін е дейін
өседі. Лахорда ол кезде аты шыққан ұлы моғолдың белгілі қайраткерлері
тұратын. Бұл қала солтүстік Үндістанның әкімшілік және мәдени орталы-
92
ғына айналған кез. Осы уақытта қыпшақ, дулат, жалайыр, қоңырат ж ән е
басқа да ру-тайпалардан құралған Бабырдың әскері солтүстік Үндістанға
кіргенде оның ең алғашқы ат бұрған қаласы осы Лахор еді.
1536 жылы мұнда белгілі тарихшы, ақын, қолбасшы әрі елші Мухаммед
Хайдар Дулати да келіп жетті. Өйткені, ж ездесі өлген со ң Шығыс
Түркістанда тұрудың мүмкіндігі болмады. М ұхаммед Хайдардың ж иені
Әбдір Рашид әкесінің орнына таққа отырысымен өзінің туған ағасы мен
жақындарын да өз жанынан аластата бастаған еді. Оның осы қаскөйлік пи-
ғылын сезген Мұхаммед Хайдар Жаркенттен өтіп, Памир асып, Бадахшанға
жетіп, одан Кабулға біраз кідіріп, сосын Пешевардан Лахорға ат басын
тіреді. Осы соқтықпалы сан сапарының соңын былай деп суреттейді: “Мен
келе сала Камранға сәлем бердім. Ол мені құрметпен қарсы алды. Осынша-
ма мейір көрсеткені менің жан-дүниемді жаңғыртып, тебірентті. Д әл осы
кезде Иран ханы Исмайлдың ұлдарының бірі Кандағарға лап қойыпты деген
суыт хабар жетті. Оны естіп дегбірі қалмаған Камран шұғыл әскерін жинап,
қол астындағы барлық тірлікті маған аманат етіп тапсырып, асығыс аттанып
кетті. Жорық жылға жуық созылды. Осы кездерде ол басқарған мемлекетгік
істерді уақытша атқарып абыройға ие болдым. Алым-салықты дер кезінде
Достарыңызбен бөлісу: |