94
Асанбай АСҢАРОВ
талантты тарихшы, ақын, елші, саясаткер ретіндегі ірі тұлғасы жан-жақты
зерттелген жоқ. Тағы да айтарым, біз әлі де болса ата-бабаларымыздың
асыл қазыналарына самарқау қарап келеміз. Өздерінің тікелей борышы бо-
лып саналатын республика Академиясы Тарих институтының осы күнге
дейін әлем ге әйгілі тарихшы мұрасына немқұрайды қарауын немен
түсіндіруге болады. 1999 жылы бабамыздың 500 жылдық мерекесін атап өту
белгіленді. Мүхаммед Дулати атындағы қордың құрылуы да қуанышты іс.
“Ештен кеш жақсы” деп жүбанып жүрген халықпыз ғой, ендеше еліміздің
ерен ұлдарының бірі, ұлы тарихшы бабамыздың ең бек терін көп
кешіктірмей бүгінгі ұрпақтың еншісіне тигізейік. Елбасымыздың да бізден
талап еткені — осы ізгілікті іс. Бұл — бәріміздің бабалар алдындағы парыз
бен қарызымыз.
ҚАДЫРҒАЛИ ЖАЛАЙЫРИ ҚОСЫНБЕКҮЛЫ
1530-1605
ж.ж.
Қадырғали Жалайыри 1530 ж. Отырар-Түркістан маңында туған. Оның
ата-бабалары Қарахандар әулеті тұсында хандар мен ақсүйектердің атақты
Достарыңызбен бөлісу: