Осы тамаша туындыны жазу үстінде ол әйгілі зерттеушілер Ж убеини, Қамал Қаришди, Рашид ад-дин, Әбдіразақ Самарқаниди сынды көптеген тарихшылардың еңбектеріне сүйенген. Осы ғалымдардың еңбектерінен, сол кездегі Шығыс Түркістан өмірінен, Дешті Қыпшақ оқиғаларынан нақты деректер алған. Көптеген деректер Моғолстанның қүлдырау себептері мен жаңа шаңырақтың бірте-бірте қалыптасуының сипатын ашып береді. Мухаммед Хайдардың әкесі Мұхаммед Хусейн султан Махмуттың жаны- на жақын сыбайлас адамының бірі болғандықтан XV ғасырдың аяғы мен XVI ғасырдың басында Моғолстанның батыс бөлігін билеп тұрды. Кейін қуғы н-сүргінге үшырап, жауларының қолынан мерт болды. Ол кезде Мухаммед Хайдар небәрі 9 жаста еді. Болар баланың болашақ тағдырынан қорыққан туысқандары оны Бабырдың қолына барып тұр деп жібереді. Ба- быр мен Мухаммед Хайдар екеуі де Жүнісханның апалы-сіңлілі қызынан туған. Ал, шешесі оның ес білмейтін екі жасында қайтыс болған. Әкесі соңғы жылдары Тәшкент әміршісі еді. Оны Мухаммед Шейбанидің нұсқау- ымен өзбектер өлтірді. Ә кесі өлген соң әп к есі Зейнеп екеуі әуел і Самарканда, одан Бұқарада жасырынып журіп, амалсыздан Кабулдағы ту- ған бөлесіне келеді. Ол жайлы Бабыр былай деп жазады: “Х уб Нигар ханымның баласы Хайдар мырза еді. Ә кесін өзбек тер өлтіргеннен кейін, ол үш -төрт жыл менің қасымда болды. Содан кейін руқсат сұрап, Қашқариядағы ханға кетті. Алтын, күміс, қорғасын, Қандай асыл болмасын, Тартады екен тегіне, Енді ол орнықты, байсалды азамат болып, жақсы жолға түсіпті деп естідім. Жазуға, сурет салуға машық, жебе жасауға, зергерлікке, садақ шы- бығын июге қолының ебі бар еді. Ол менен кешірім сұрап хат жазыпты, сөз саптауы тәуір!”