цестер нәтижесінде қазақ хандығы қүрылды. Міне, сол 500 жылдан астам уақыттан бері біз өз мемлекетіміздің іргетасын қаладық. Өзбектер болса өз мемлекеттілігін біздерден біраз кейін иеленді. Ол жөнінде кейінгі әңгімеде баян етеміз. Әбілхайыр 1468 жылы қаза тапты. Ол қайтыс болғаннан соң оның құрған империясы құлдырады. Д егенм ен, Әбілхайырға тартып туған үрпақ бар екен. Ол жағынан бағы жанған десе де болады. Жоғарыда әңгім е еткен Әбілхайыр үйленген Үлықбектің қызы Рабиға Сұлтан бегімнен екі ұл туыл- ған-ды. Солардың бірінен сүйкімді немере сүйді. Оның есім і Мұхамед-Шейбани деген әйгілі атпен тарихта мәңгі қалды. Бұл есімді арғы алыс атасынан, яғни Жошының үшінші ұлы Шейбаннан алған еді. Тарих- шылардың есебінше, Жошының он төрт ұлы болған. Түптеп келгснде, ірі ел билеушілердің көбісі Батый мен Шейбаннан, Ордадан шыққан. Соның ішінде Жошы балаларыңың орны бір төбе. Әрине, Шыңғыс ханның басқа да балаларының арасынан ірі мемлекет қайраткері атанғандары да бар. ШЕЙБАН ШАҢЫРАҒЫ
ОРАЛМЕНШУ ӨЗЕНІАРАЛЫҒЫНДАҒЫЕЛ: АЛТЫН ОРДАНЫҢ ХАН ДАРЫ: ТҮМЕНХАНДАРЫ1226-1659 Ж. Ж., БҮҚАРА ХАНДАРЫ1500-1868 Ж. Ж. ХИУА ХАНДАРЫ 1515-1875Ж. Ж. Батый ханның Венгрияға жорығы кезінде оның бауыры Шейбани қаһар- мандығымен көзге түсті. Сол ерлігіне риза болған Батый оған Венгр королі деген лауазым берді, оған қоса еншісіне Орал тауларын Елек пен Ырғыз өзендерінің бойларын тарту етті. Қыс кезінде сулы алқап Сырдария мен Сарысу бойын жайлады. Алтын Орданың Өзбек хан билеген жерлерін мекендеген тайпалар өзбектер деп аталды. Ш ейбан шаңырағынан Алтын орданың бірнеш е хандары өрбіді.