салынды. Бүгінгі күндері оның әдеби еңбектері мен қазыналы шығармала- ры қазақ қауымының қымбат мұрасына айналды. АХМЕТ БАЙТҮРСЫНҮЛЫ
1873-1938 ж. ж.
Ахмет Байтұрсынұлы — әдебиеттанушы, көсемсөзші, тәржімәш і, түрко- лог, қазақ тіл білімінің атасы. Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің көрнекті қайраткері. Ахмет 1873 жылы қаңтарда Торғай уезінің Тосын болысында қарапайым қазақ шаруасының отбасында туған. Бастауыш білімді ауылдың молдасы- нан алған. Арғы аталары батыр болғандықтан ба, ә к е сі Байтұрсын мықтылықты салт қылған ірі мінезді кісі екен. Ахмет он үшке жаңа толған- да Байтұрсын патша үкіметіне қарсы ашық қыр көрсеткені үшін 15 жылға жер айдалып кетеді. Кейін 1909 жылы Семей түрмесінен жазған “Анама хат” деген өлеңінде бұл оқиға бала жүрегіне қалай эсер еткенін: Оқ тиіп, он үшімде ой түсіріп, Бітпеген жүрегімде бар бір жарам, - деген жыр жолдарынан аңғаруға болады. 1886 жылы Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищ есінде оқып, оны бітірген соң 1891-1895 жылдары тағы ілгері оқуды талап қылып, Орын- бордағы мұғалімдік қазақ мектебінде білім алады. Ахмет Байтұрсынұлының мектептен алған барлық білімі осымен тәмәмдалады. Алайда, мақсұтты жо- лынан таймай, өз бетімен талмай ізденіп әрі жаратылысынан өн-бойына дарыған дарыны арқасында аз-ақ жылдар ішінде ұлт-азаттық қозғалыстың көш басында болып, атағы жайылып, елдің шын қамқоршысы атанады. Қ азақ тарихындағы Ахмет Байтүрсынұлы есім і халықтың рухани өркендеуімен тығыз байланысты. Ахмет Байтүрсынұлы кітаптары мен жалпыхалықтық “ Қ азақ” газетін осы тарихи кезеңдерде оқығандар жан-жақты білімге мейірі қанып, қыр қазағының елдік сезімі оянды. Оның қазақ баласына істеген ең бегі, ө н ер -біл ім , саясат жолындағы