“Ақын жүрегі” атты шағын очеркінде Тұрсын-заде ұлы ақынның поэти- калық шеберлігінің қайнар көздерінің біреуі оның туған жері Панджрудак болса керек деп болжам жасайды. Осы тойда сөз сөйлеген ақын Николай Тихонов:“Ақынның мәңгілік бейнесі көз алдымызда биіктей түсіп, барша- мыздың жүрегімізді жаулап алды. Ол— өз заманындағы поэзияны ң озык формаларын үздік меңгерген. Өлеңнің ең күрделі түрлерінің шебері, шалқ- ар шабыт иесі Рудаки бірде шалқып ода жазса, енді бірде мұңлы да зарлы махаббат сазын төгеді; тағы бірде данышпан қарт болып тіл қатса, іле-шала
32 А санбай А С Ң А Р О В өзгеріп, лирикалық әуенге ауысады, ж әне бірде қатал да қайсар рубаиларға бет бұрады” деп еді. Орыс әдебиетінің көрнекті өкілі берген осы бір бағалы пікірден асырып айту мүмкін емес те сияқты. Ғасырлардан ғасырларға жалғасып келе жатқ- ан өм ірш ең өлеңдерді бүгінде тек тәж ік халқы ғана ем ес, бүкіл әлем жүртшылығы оқиды. Демек, уақыттың үкімі осылай болды. Хан емес, ақын женді, билік емес, поэзия женді. Ақын үшін бүдан асқан құрмет, бұдан асқ- ан баға болуы мүмкін бе, сірә. Ғасырлар өтіп жатты. М емлекеттердің бет-п ер десі, бағыт-бағдары өзгеріп жатты. Үрпақтар ауысты. Ал өлең мәңгілік боп қала берді. Ол өзінің сиқырлы қүдіретімен біреулерді қуанышқа бөлеп, енді біреулерді мұңға ба- тырып, уақыт биігінде қалықтады. Оның терендігі мен ұлылығына ешкім де күмән келтіре алмады. Рудаки поэзиясы Орта Азия ақындарының шығармашылығына игі әсерін тигізді. Әлішер Науайы да, ұлы Абай да орта ғасырлық ақындардан үйренді, соның ішінде Рудакидің орны бөлек. Жан дүниеңізді жібек самал боп айма- лайтын поэзия Орта Азия топырағында өсіп-өнді. Бір өкінерлігі сол, бізге